
Аружан Молдабекова
Satbayev University инженері


Өнеркәсіптік инженерия бағдаралмасы бойынша төрт жыл оқу көзді ашып-жұмғанша өте шықты, бірақ маған ең маңыздысын — өз күшіме деген сенімділік сыйлады. Университетте алған білімімнің арқасында мен мамандығым бойынша тез жұмыс тауып, кәсіби ортаға сәтті бейімделе алдым. Бастапқыда бұл бағытты таңдағаныма күмәнданған едім, бірақ әрбір курспен Индустриялық инженерия менің бағытым екеніне көзім жетті. Әсіресе, ҚазСтандарт филиалында Омарова Жансая Багдатқызының жетекшілігімен өткен метрология пәні ерекше қызықты болды — теория мен практиканы қатар игеру мүмкіндігі болды. Бакалавриатты аяқтаған соң, дәл осы жерде оқуымды жалғастырғым келді және магистратураға түстім. Satbayev University-ге студенттік өмірімнің ең жарқын жылдары үшін үлкен рақмет!