Ақпарат:

Сәтбаев университетінде қос дипломдық білім беру бағдарламалары
Кәдімгі білім беру грантына ие болып, әлемнің беделді университеттерінде оқуды бастаңыз!

Қос диплом бағдарламасы — шетелдік жоғары оқу орнымен бірлесіп әзірленген оқу бағдарламасы бойынша білім алып, бірден екі дипломға ие болуға мүмкіндік береді.

Оқудың артықшылықтары

Шетелдік үздік университетте білім алу тәжірибесі
Жаһандық еңбек нарығына қажетті білім мен дағдыларды меңгеру
Екі оқу бітіргені туралы екі диплом
Әлемдік техникалық элитамен байланыс

Оқуға түсу

  • Құжаттарды дайындаңыз (түйіндеме, ынталандыру хаты, транскрипт)
  • Құжаттарды Satbayev University халықаралық кеңсесіне тапсырыңыз
  • Комиссиямен сұхбаттасудан өтіңіз
  • Ағылшын тілін білу деңгейін растаңыз (IELTS/TOEFL немесе ішкі тестілеуден өтіңіз)
  • Конкурстың нәтижесін күтіңіз
  • Серіктес университетке жолдама алып, қос дипломды білім алуға кірісіңіз!


Өтінім қабылдаудың басталуы:
бағдарламаға байланысты жыл бойы.
Өзіңізге қажетті білім беру бағдарламасын таңдап,
бағдарламаға қатысу үшін құжаттарыңызды тапсырыңыз.
  • uni_logo1

    City University of Hong–Kong (ҚХР)

    City University of Hong Kong – Азиядағы жетекші университеттердің бірі (QSWUR 63), ол инженерия және бизнес саласындағы мықты бағдарламаларымен танымал. Сәтбаев университеті мен CityU бірлесіп әзірлеген бағдарлама студенттерге "2+2" форматында оқып, білім алуға мүмкіндік береді. Алғашқы екі жылда студенттер Сәтбаев университетінде білім алады. Үшінші курстан бастап студенттер CityU-де оқуын жалғастырып, нәтижесінде Сәтбаев университетінен бакалавр дәрежесін және таңдаған мамандығы бойынша да бакалавр дәрежесін алып шығады.

    Толығырақ қарау
  • uni_logo2

    The Pennsylvania State University (Penn State, АҚШ)

    uni_img2

    Оқу форматы: 3+1 (бакалавриат)

    Диплом: бір мамандықты екі жоғары оқу орнында оқығаны туралы жазба (бірлескен бағдарлама)

    Оқу ақысы: Penn State университеті оқу ақысын толық немесе жартылай жабатын грант ұсынады. Гранттың мөлшерін Penn State университетінің қабылдау комиссиясы студентпен сұхбаттасқаннан кейін тәртіп бойынша белгілейді.

    Әлемдегі ең ірі және ең беделді университеттердің бірі (QSWUR 82), оның сапалы білімін Плющ лигасы тобына кіретін университеттермен салыстыруға болады. Университет түлектері арасында Джек Раскин, Джон Энистон секілді көптеген табысты және ықпалды адамдар бар. Университеттің ғылыми инфрақұрылымы үлкен, мұндағы студенттердің өмірі өте қызықты әрі бай, көптеген клубтар, ұйымдар мен спорт командалары бар, бүкіл әлем бойынша серіктестіктері және жұмыс берушілер рейтингінде жоғары орны бар.

  • uni_logo3

    Sungkyunkwan University (Корея)

    Шығыс Азиядағы ең көне университет және Оңтүстік Кореядағы жетекші университет, оның 600 жылдан астам тарихы бар. Университет Кореяның көптеген мемлекеттік қайраткерлері, актерлері және спортшылары білім алған жоғары оқу орны. Ол жаһандық технология көшбасшысы Samsung компаниясымен серіктестігімен танымал, бұл серіктестік университетке әлемде жетекші орынға қол жеткізуге және дарынды түлектерді дамытуға мүмкіндік берді.

  • uni_logo4

    University of Glasgow (Шотландия)

    uni_img4

    Оқу форматы: магистратура (1+1)

    Диплом: әлемдік деңгейде мойындалған екі мамандық (double degree)

    University of Glasgow – Шотландияның ең ірі университеті, ол 1451 жылдан бері әлемді өзгертіп келеді. Ұлыбританиядағы жетекші зерттеу университеттерінің беделді Russell Group рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік 100 университеттің қатарына кіреді. Университет әрқашан инновациялардың алдыңғы қатарында болып келеді, ал оның түлектері әлемдік ғылыми және саяси элитаның қатарында. Олардың ішінде Нобель сыйлығының сегіз лауреаты, Ұлыбританияның екі премьер-министрі, Шотландияның үш бірінші министрі, Корольдік қоғамның 10 мүшесі және Британ академиясының 11 мүшесі бар. Олардың жеткен жетістіктері бүгінгі жаңашылдарға шабыт береді.

  • uni_logo4_1

    Exeter University

    uni_img4_1

    Оқу форматы: 1+1 (магистратура) және 4+1 (бакалавриат+магистратура)

    Диплом: әлемдік деңгейде мойындалған екі мамандық (double degree)

    Оқу ақысы: 1+1 немесе 4+1 бағдарламаларына түскен студенттер оқу ақысына 15% жеңілдік алады. Стандартты шәкіртақылардан басқа, Сәтбаев университетінің студенттері іріктеу талаптарына сәйкес келсе, Exeter Excellence Scholarship шәкіртақысын алуға да үмітті бола алады. 15%-дық жеңілдік пен берілген кез келген шәкіртақының жалпы сомасы жылына £10,000-дан аспауы тиіс.

    Эксетер университеті (The University of Exeter) — Оңтүстік-Батыс Англияда орналасқан жетекші университеттердің бірі, «Рассел» беделді университеттер тобының құрамына кіреді — бұл британдық Плющ Лигасының баламасы. Университеттің бизнес-мектебі Ұлыбританиядағы ең үздік 15 бизнес-мектептің қатарына кіреді. Университетте жоғары технологиялық кампус бар, ал оның түлектері британдық және шетелдік жұмыс берушілер арасында жоғары бағаланады. Сәтбаев университетінің бакалавриат түлектері Эксетер университеті магистратурасының кез келген бағдарламасы бойынша оқуларын жалғастыра алады, алайда Exeter MBA және дуальды бағдарламаларға (degree apprenticeship programmes) қатыса алмайды.

  • uni_logo5

    Hof University of Applied Sciences (Германия)

    uni_img5

    Оқу форматы: бакалавриат (3+1), магистратура (1+1)

    Диплом: әлемдік деңгейде мойындалған екі мамандық (double degree)

    Оқу ақысы: Оқу тегін, алайда жолақы, тұру және басқа да қажетті шығындарды студенттер өздері төлейді.

    Германиядағы қолданбалы ғылымдар саласындағы жетекші университеттердің бірі – жоғары деңгейдегі практикалық білім береді. Бұл университет өнеркәсіп пен бизнестегі нақты мәселелерді шешуге бағытталған қолданбалы зерттеулерімен танымал. Ол студенттерді жұмысқа дайындауға маманданған және нақты жұмыс тәжірибесін қамтитын практикаға бағытталған бағдарламаларды ұсынады. Барлық оқытушылардың академиялық білімі жоғары және осы салада жұмыс істеген тәжірибелі мамандар. Университет түлектері ішкі және халықаралық еңбек нарығына толық дайын болып шығады.

  • uni_logo6

    Томск политехникалық университеті (Ресей)

    Инженерлік бағытта кең ауқымды білім беру және зерттеу саласы боынша көшбасшы. «Газпром», «Росатом», «Роснефть» және басқа да жоғары технологиялық компаниялардың негізгі білім беру университеті. Ресейдің мұнай-газ саласында бірінші орында. «Энергетика», «Химиялық технология» және «Ядролық технология» пәндері бойынша жетекші оқу орны саналады.

  • uni_logo7

    Xi'an Railway Vocational and Technical Institute (ҚХР)

    uni_img7

    Оқу форматы: бакалавриат (2+2)

    Диплом: әлемдік деңгейде мойындалған екі мамандық (double degree)

    Оқу ақысы: Тегін

    Шэньси провинциясында орналасқан Сиань теміржол кәсіби-техникалық институты 1956 жылы құрылған, ол теміржол көлігі үшін кең ауқымды мамандарды даярлауға бағытталған жоғары кәсіби колледж болып құрылған. Институт – Сиань қаласының халықтық муниципалдық үкіметі қаржыландыратын мемлекеттік жоғары оқу орны, ол 147 мамандық бойынша білім беруді ұсынады. Институт Қытайдың ең маңызды экономикалық орталықтарының бірі, жаһандық сауда және логистика орталығы болып саналатын Шэньси провинциясында орналасқан.

  • uni_logo8

    МИСиС Ұлттық ғылым және технологиялар университеті (Ресей)

    uni_img8

    Оқу форматы: магистратура (1+1)

    Диплом: әлемдік деңгейде мойындалған екі мамандық (double degree)

    Оқу ақысы: Тегін

    Ресей оқу-зерттеу және технология университеті. Жаңа технологиялар мен материалдарды құру, енгізу және оларды қолдану саласындағы жетекші ресейлік университет. Ол Ресейдегі ең үздік 5 университеттің қатарына кіреді және материалтану бойынша QS пәндік рейтингінде Ресейде бірінші орында. Университетте әлемдегі ең озық ғылыми базалардың бірі құрылған, ал мұндағы білім сапасы Ресей үкіметінің сыйлығымен жоғары атап өтілді.

  • uni_logo9

    University Grenoble Alpes| Grenoble INP Phelma (Франция)

    uni_img9

    Оқу форматы: бакалавриат (3+1)

    Диплом: әлемдік деңгейде мойындалған екі мамандық (double degree)

    Француздық «еуропалық» жоғары оқу орны сегіз инженерлік және менеджменттік мектептен тұрады. Ол энергетика, цифрлық қоғам, микро- және нанотехнологиялар, экология және болашақтың өнеркәсібі сияқты заманауи салалардағы өзекті мәселелер бойынша маманданады. Бұл университет Еуропадағы нанотехнологиялар саласындағы ең ірі зерттеу орталықтарының бірі — Minatec жобасына қатысады. Оқу Францияның Гренобль қаласында орналасқан Гранде Эколь мектебі — Ұлттық жоғары физика, электроника және материалдар мектебінде (École Nationale Supérieure de Physique, Électronique et Matériaux, қысқаша Phelma) өтеді. Phelma Гренобль технологиялар институтының құрамына кіреді және физика, электроника мен материалтану салалары бойынша маманданады.

  • uni_logo10

    Silesian University of Technology (Польша)

    uni_img10

    Оқу форматы: магистратура (1+1)

    Диплом: әлемдік деңгейде мойындалған екі мамандық (double degree)

    Жоғарғы Силезиядағы ең көне техникалық университет, ол – Польшаның ең ірі жоғары оқу орындарының бірі. Елдегі ең үздік 15 университеттің қатарына кіреді. Бұл университет Еуропадағы ең ірі индустриалды аймақ — Жоғарғы Силезия үшін ғылыми және білім беру базасы ретінде құрылған. Университет Гливице қаласында — осы өңірдің көне студенттік қаласында, әрі ғылыми-зерттеу орталығында орналасқан. Сондай-ақ ол General Motors автозауытымен көршілес тұр.

  • uni_logo11

    University of Lorraine (Франция)

    uni_img11

    Оқу форматы: магистратура (1+1)

    Диплом: әлемдік деңгейде мойындалған екі мамандық (double degree)

    Францияның солтүстігіндегі Лоррейн қаласында орналасқан мемлекеттік зерттеу университеті – зерттеу мен ынтымақтастықтың ірі орталығы. Бұл университет академиялық бағыттардың әртүрлілігімен, пәнаралық зерттеулерімен, инновацияларымен және белсенді халықаралық ынтымақтастығымен танымал. Бағдарламаның негізгі қатысушыларының бірі – Жоғары Ұлттық Геология Мектебі (ENSG), ол геология ғылымы саласында Франциядағы ең үздік оқу орындарының бірі ретінде сарапшылар тарапынан мойындалған.

  • uni_logo12

    Ташкент халықаралық Кимё университеті (Өзбекстан)

    uni_img12

    Оқу форматы: бакалавриат (2+2)

    Диплом: әлемдік деңгейде мойындалған екі мамандық (double degree)

    Ташкенттегі Кимё халықаралық университеті — Өзбекстандағы алғашқы жеке меншік жоғары оқу орны. Ол 2018 жылы Ташкентте «Ёджу техникалық институты» ретінде құрылған. Университетте Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Жапония және басқа да елдердің беделді университеттерін бітірген халықаралық және жергілікті профессорлар дәріс береді.

  • uni_logo13

    Баку мемлекеттік университеті (Әзербайжан)

    uni_img13

    Оқу форматы: магистратура (1+1)

    Диплом: әлемдік деңгейде мойындалған екі мамандық (double degree)

    Баку мемлекеттік университеті — European University Association (EUA) құрамына кіретін мемлекеттік жоғары оқу орны. Оның негізі 1919 жылы қаланған және Әзербайжандағы алғашқы жоғары оқу орны ретінде танылған. Университет гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар салалары бойынша халықаралық стандарттарға бейімделген білім беру бағдарламаларын ұсынады. Сондай-ақ әлемнің көптеген университеттерімен тығыз байланыс жасайды.

  • uni_logo14

    И. Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті (Өзбекстан)

    Өзбекстандағы ең көне жоғары оқу орындарының бірі. Авиация, геология, машина жасау, энергетика, электр техникасы және автоматика салалары бойынша Орталық Азиядағы ең ірі техникалық университеттердің бірі болып саналады. Университетте шағын кәсіпорындар мен ғылыми орталықтар желісі жұмыс істейді және Германия, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Грекия және басқа да елдердің көптеген зерттеу орталықтарымен тығыз ғылыми байланыс орнатылған.

Қос диплом бағдарламаларына қатысу үшін қойылатын талаптар

  • Орташа балл (GPA) 2.67-ден кем болмауы керек
  • Сәтбаев университетінде кем дегенде 2 семестрдің оқу бағдарламаларын меңгеруі керек
  • Ағылшын тілін білу дәрежесі бағдарламаға байланысты IELTS 5.5 (B2) төмен болмауы керек.

Қажетті құжаттар

  • Ағылшын тілінде жазылған түйіндеме (CV)
  • Ағылшын және орыс тілдерінде жазылған транскрипт
  • Ағылшын тілін білу дәрежесін растайтын құжат (анықтаманы Ағылшын тілі кафедрасынан алуға болады)
  • Паспорттың скан-көшірмесі
  • Ынталандыру хаты
  • Ұсыным хаттар

Бізбен байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22а,
Мұнай корпусы (НК), 3-қабат, 302-каб.
Кіру Масанчи көшесінен.

Жұмыс кестесі:
дс-жм: 9.00 – 18.00
сб-жб – демалыс

Гүлназ Ергешқызы
Халықаралық білім беру бағдарламалары бөлімінің жетекшісі
g.yergeshkyzy@satbayev.university
Айкерім Өмірзақ
Халықаралық ынтымақтастық кеңсесінің бас менеджері
a.omirzak@satbayev.university
Жібек Нұрбаева
Халықаралық ынтымақтастық кеңсесінің бас менеджері
zh.nurbayeva@satbayev.university
Нұрсұлтан Серікбай
Халықаралық ынтымақтастық кеңсесінің бас менеджері
n.serikbay@satbayev.university
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту