Ақпарат:

international cooperation img

СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ Халықаралық
білім беру бағдарламалар бөлімі

Әлемнің 32 еліндегі компаниялармен, орталықтармен, шетелдік жоғары оқу орындарымен
ынтымақтастық қарым-қатынас жөнінде 167 келісімге, келісімшарт пен меморандумға қол қойылған.

inter logo

Халықаралық ынтымақтастық – Сәтбаев Университеті қызметінің басым бағыттарының бірі. Оған ғылыми-зерттеу жобаларымен қатар, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы да жатады.

Академиялық ұтқырлық дегеніміз не?

logo Бұл Қазақстандағы немесе шетелдегі басқа университетте оқу, жұмыс істеу немесе тағылымдамадан өту мүмкіндігі. Бұл университеттердің бірлескен білім беру немесе зерттеу бағдарламасы шеңберінде де, немесе академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында да болуы мүмкін.
logo Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу арқылы сіз әлемнің ең жақсы университеттерінде оқуға, тәжірибеден өтуге немесе шетелге саяхаттауға мүмкіндік аласыз.

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қалай қатысуға болады?

icon1

Оқу жылы ішінде, әдетте оқу жылының басында Халықаралық орталық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына құжаттарды қабылдау туралы бірнеше рет хабарлайды. Құжаттарды уақытында тапсыру үшін, жаңалықтарды қадағалап отыру керек.

Жаңалықтарды қарау
icon1

Сіз қашан және қай бағдарламаға құжат тапсыра алатыныңызды нақтылау үшін, Халықаралық ынтымақтастық орталығымен тікелей байланысуыңыз керек.

<Байланыс телефондарын қарау

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Студенттер

tick Сәтбаев Университетінің кем дегенде 2-курс студенті болуы керек;
tick қабылдаушы университет анықтаған орташа балл болуы керек;
tick қабылдаушы университетте сабақ қай тілде жүргізілетін болса, сол тілді меңгеруі қажет.

Оқытушылар

tick қабылдаушы университетте сабақ қай тілде жүргізілетін болса, сол тілді меңгеруі қажет.

Біздің университет қандай елдермен және қандай шетелдік университеттермен ынтымақтастық байланыс жасайды?

Жиі қойылатын сұрақтар:

  • Мен қай курста академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса аламын?

    Академиялық ұтқырлық бағдарламасына әдетте 2–3-курстың студенттері қатысады, өйткені 1-курста олар шетелге шығуды қажет етпейтін жалпы білім беретін пәндерді оқиды. Соңғы оқу жылында практикалық жұмыс және диплом жұмысына дайындық қажет, өз кезегінде бұлар ұтқырлық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік бермейді.

  • Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқу үшін ағылшын тілін қай деңгейде білу керек?

    Ағылшын тілін білуі жөнінде IELTS, TOEFL сертификаттарын растайтын ең төменгі деңгей – B2, сонымен қатар тілді білетіндігіңізді растайтын құжатты «Ағылшын тілі» кафедрасынан да алуға болады.

  • Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқу үшін GPA қандай деңгейі қажет?

    GPA 3.5-тен жоғары болуы керек. Бағдарламаға қатысу үшін, сіз күндізгі оқу бөлімінің студенті болып, сабақ үлгерімінен «жақсы» және «өте жақсы» деген бағаларды иеленіп, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша студенттерді іріктеу конкурсына қатысу үшін өтініш беруіңіз керек.

  • Академиялық ұтқырлық шеңберіндегі оқу мерзімінің ұзақтығы қанша?

    Оқу мерзімінің ұзақтығы кем дегенде 1 оқу семестрін құрайды.

  • Академиялық ұтқырлық шеңберіндегі оқуды кім қаржыландырады?

    • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын бағдарлама.
    • Томск политехникалық университетімен (РФ) және Huazhong University of Science and Technology (ҚХР) ынтымақтастық қарым-қатынас туралы жасалған екіжақты келісімшарт аясындағы бағдарлама.
    • Евроодақ арқылы қаржыландырылатын Erasmus+ бағдарламасы.
    • Түркияның Жоғары білім жөніндегі кеңесі жартылай қаржыландыратын MEVLANA бағдарламасы.
    Құжаттарды жинау гранттардың болуына байланысты жүзеге асырылады. Сайт жаңалықтарын қадағалап отыру керек.

Байланыс телефондары:

cont_nameНәлгожина Нұргүл Жомартқызы
Халықаралық ынтымақтастық кеңсесінің жетекшісі, PhD
cont_phone+7 727 292 90 19 (ішкі: 73-12)
cont_mailn.nalgozhina@satbayev.university
cont_nameЕргешқызы Гульназ
Халықаралық білім беру бағдарламалары бөлімінің бастығы
cont_phone+7 727 292 90 19 (ішкі: 73-12)
cont_mailg.yergeshkyzy@satbayev.university
cont_nameКөрпебаев Дарын Дулатұлы
Академиялық ұтқырлық бөлімінің бастығы
cont_phone+7 727 292 90 19 (ішкі: 73-12)
cont_maild.korpebayev@satbayev.university
cont_place Сәтбаев көшесі, 22а (МК), 3-қабат, 302/312-кабинеттер.
cont_mail international_office@satbayev.university
cont_instagram satbayev_global
cont_time Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, сағ. 9:00–18:00, түскі үзіліс: 13:00–14:00
«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша кеңес беру уақыты: дүйсенбі–жұма, 10.00–12.00; 14.00–15.00
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту