
Айдана Амангельдиева
«Фирма Торговая палата» маманы


«Өнеркәсіптік инженерия» мамандығы — тұрақты және сұранысқа ие мамандықты қалайтындар үшін тамаша таңдау. 2020–2024 жылдар аралығында оқу барысында мен процестерді талдауды, тексеруді және бақылауды үйрендім — бұл менің кәсіби жолымның негізіне айналды. Диплом алғаннан кейін бір айдың ішінде мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. Барлық оқытушыларға шыдамдылықтары мен жоғары деңгейдегі дайындығы үшін алғысымды білдіремін. Қызықты дәрістер, кәсіби курстар және жайлы атмосфера үшін кафедраға шын жүректен алғыс айтамын. Дәл осы мамандықты таңдағаныма қуаныштымын — ол маған сапа мен тиімділік әлеміне жол ашты. Қазіргі уақытта «Фирма Торговая палата» компаниясында сертификаттау саласында жұмыс істеймін және өзімді сенімді сезінемін.