Ақпарат:

Бектенбай Елнар Ержанұлы

Бектенбай Елнар Ержанұлы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің киберқауіпсіздік басқармасының бастығы

calendar
Оқу жылдары: 2012-2016 жж.
cap
Мамандығы: "Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар"

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіндегі студенттік жылдарым менің жүрегімде әрдайым жылы әрі қымбат естелік болып қала береді. Өмірім мен мансабымдағы жетістіктерім үшін осы ұлы білім ордасына — Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне шексіз алғыс айтамын. Дәл осы жерде мен өмірлік достар тауып, болашақ табысымның іргетасын қаладым.

Әлі күнге дейін аудиториядағы алғашқы дәрістерімді, зертханалардағы тәжірибелерімді, қаланың қақ ортасында орналасқан атақты бас ғимарат — «ГУК»-ті және «Әскери кафедра» ғимаратында орналасқан Ақпараттық технологиялар институтының профессорларын ерекше ықыласпен еске аламын. Барлық ұстаздарыма шынайы ризашылығымды білдіремін — олардың білім қанаттары болашақ ұрпақты ағартудан ешқашан талмасын!

14 қараша 2025 193
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту