Ақпарат:

10 сәуір 2026 81

Ректор 2026 жылғы Ғылым күнімен құттықтайды!

Ректор 2026 жылғы Ғылым күнімен құттықтайды!

Құрметті әріптестер! Қымбатты достар!

Сіздерді Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Ғылым дегеніміз – тек қана жаңа білім емес, ол бұрынғы белгісіз, беймәлім дүниені жаңадан ашуға, жария етуге деген батылдық, жаңа шешімдер ұсыну және өмірді жақсы жаққа жаңарту.

Академик Қаныш Сәтбаев негізін қалаған ғылыми дәстүрлерді біз жалғастырып, ашылған жаңалықтарды технологиялар мен практикалық шешімдерге айналдырып келеміз.

Осы кәсіби мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, жаңа күш-қуат пен шабыт тілеймін! Ал туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызға аманшылық пен бақ-береке тілеймін! Ойдағы жаңа идеяларыңыз жүзеге асып, еңбектеріңіздің нәтижесі жаңа жетістіктерге жетелей берсін!

Құрметпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту