Ақпарат:

15 сәуір 2025 573

Сәтбаев университетінде алты елдің жас инженерлері ғарыштың болашағымен таныстырды

Сәтбаев университетінде алты елдің жас инженерлері ғарыштың болашағымен таныстырды

Ғылым күні қарсаңында Сәтбаев университетінде ғарыштық технологиялар және техника бойынша Kazakhstan Smart Space IV халықаралық байқауының финалдық кезеңі өтті. Байқау технологиялар фестивалі форматында өтті, оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Франция және Біріккен Араб Әмірліктерінің 57 оқу орнынан келген 60-тан астам жобалық командалар қатысты. Қатысушылардың жас шамасы 7 мен 22 жас аралығында болды, олар ғарышқа байланысты 12 тақырып бойынша жасаған макеттері мен жұмыс үлгілерінен бастап, ғылыми-зерттеулік әзірлемелерге дейінгі ғылыми жобаларын ұсынды.

Kazakhstan Smart Space 2025 байқауы аясында ғарышты игеру және инновациялық технологияларды пайдалану идеясы арқылы біріктірілген ондаған жарқын және алуан түрлі жобалар ұсынылды. Қатысушылар спутниктердің, айда жүру аппараттарының және орбиталық станциялардың үлгілерін, Марс базаларының жұмыс үлгілерін, энергияны лазерлік тасымалдау жүйелері мен жерүстілік ортада су жинауға арналған қондырғылардың үлгілерін көрсетті. Әсіресе экологиялық мәселелерге және ғарыш қалдықтарын қайта өңдеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Қазылар алқасы әртүрлі жас санаттары бойынша 20-ға жуық команданың жұмысын ерекше атап өтті.

Kazakhstan Smart Space байқауы 2021 жылы Шухрат Ибрагимов, Марат Нұрғожин және Владимир Затолокиннің бастамасымен құрылған болатын. Осы төрт жыл ішінде ол білім алмасу және технологиялық инновациялар үшін халықаралық алаңға айналды. Байқаудың басты міндеттердің бірі – ұйымдастырушылардың айтуынша, БҰҰ-ның «Күн тәртібі: Ғарыш – 2030» атты стратегиясының мақсаттарын жүзеге асыру, «Халықаралық ғарыштық желі қоғамдастығы» инновациялық бағдарламасын ілгерілету және TRIZATHLON жобасын дамыту болып табылады.

Байқауға қатысушылардың жұмысына Қазақстан ғарыш саласының жетекші сарапшылары баға береді. Қазылар алқасының құрамына еліміздің «Ғарыштық зерттеулер және технологиялардың ұлттық орталығы», «Республикалық ғарыштық байланыс орталығының», ғылыми институттар мен техникалық зертханалардың өкілдері кірді. Осы іс-шара аясында ғарыш саласындағы жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар баяндама оқып, шеберлік сабақтары өтуде. Байқау Сәтбаев университетінің, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялардың ұлттық орталығы» және Қазақстан жобаларды басқару институтының қолдауымен өткізілуде. Ал іс-шараның стратегиялық серіктесі – «ЦентрКредит Банк» болды.

Сәтбаев университеті еліміздің ең ірі техникалық университеті әртүрлі елдердің жастарын біріктіріп, олардың ғылым, технология және кәсіпкерлік саласындағы құзыреттерін дамытушы ретіндегі рөлін тағы да бір рет дәлелдеп, ғарыштық экожүйенің болашағын қалыптастырудың жетекші алаңына айналып отыр.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту