Сәтбаев университетінде «Қаржылық қауіпсіздік: қауіптерге қарсы тұра білу» тақырыбында семинар өтті
2025 жылғы 7 сәуір күні қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиадаға дайындық аясында Сәтбаев университетінде «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында алғашқы дәріс өткізілді. Оған Қазақстан Республикасының Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері қатысты. Іс-шара әсіресе цифрлық қаржылық қызметтердің жылдам өсуіне және онлайн кеңістіктегі алаяқтық схемалардың көбеюіне байланысты университет студенттері мен оқытушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Семинарды Экономикалық тергеу басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу қызметінің генерал-майор Данияр Ақжанов ашты. Ол өзінің құттықтау сөзінде жастар арасында қаржылық сауаттылықты дамытудың маңыздылығына ерекше тоқталып, студенттерді экономикалық қауіпсіздікті нығайту үдерістеріне белсенді қатысуға шақырды.
– Біздің мақсатымыз біреу ғана, – деді Данияр Мейрамұлы, – бұл – еліміздің экономикалық қауіпсіздігі. Біз жастардың алаяқтық әрекеттерге түспеуін, әрі олардың қаржысын қорғауды қамтамасыз етуге тырысамыз. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айтылған міндеттерге сәйкес, біз көлеңкелі экономиканы жою, қаржылық пирамидалармен күресу бойынша белсенді жұмыс жүргізудеміз.
Полковник Сәкен Кондубаев пен подполковник Азамат Қалиев алаяқтық схемалары мен қаржылық пирамидалардың қағидаттары туралы айта келіп, цифрлық кеңістікте тәжірибе мен белсенділіктің жоқтығынан жастар өте осал болатынын атап өтті. Сондай-ақ спикерлер қаржылық тәуекелдерді танудың, жеке деректерді қорғаудың және заңсыз операцияларға қатысқаны үшін заңды түрдегі жауапкершілікті білудің маңыздылығын түсіндірді. Сұрақтарға дұрыс жауап берген студенттерге естелік сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар студенттерге Ұлттық қаржылық қауіпсіздік бойынша өтетін 2025 жылғы олимпиада таныстырылды, оның финалы Красноярск қаласында өтеді. Оған қатысу кәсіби тұрғыда өсуге және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесіп жұмыс істеуге мүмкіндіктер ашады.
Алматы қаласы бойынша Экономикалық даму департаментінің басшысын Сәтбаев университетінің Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Раиса Қабиқызы Өскенбаева қарсы алды. Ал PhD докторы, профессор, Жобаларды басқару институты директорының орынбасары Жүнісбекова Назым Маратқызы іс-шараның модераторы болды.
Қаржылық сауаттылықты дамыту және экономикалық қауіпсіздіктің әр адамның өміріндегі рөлін түсіну үшін бұл семинар маңызды алаң болды.



