«Жас инженер - механик» студенттік байқауына қатысуға шақырамыз

«Машина жасау» кафедрасы сіздерді «Жас инженер-механик» жоба байқауына қатысуға шақырады! Бұл конкурс жас инженер-механиктер үшін өз таланттарын көрсету, идеялармен алмасу және осы саладағы сарапшылардан құнды пікірлер алу үшін тамаша мүмкіндік болып табылады.
Конкурс машина жасау және сабақтас пәндер бойынша студенттер мен жас мамандар үшін арналған. Машина жасаудың әртүрлi салаларында инновациялық және практикалық шешiмдердi көрсететiн жобалар қабылданады, мысалы:
- машиналар мен механизмдерді жобалау және салу;
- жаңа материалдар мен технологияларды әзірлеу;
- өндіріс процестерін автоматтандыру және роботтандыру;
- машина жасаудағы энергияның тиімділігі мен экологиялық тазалығы.
Сізді 2025 жылдың 30 сәуірінде «Машина жасау» кафедрасында, ГМК 270-кабинетінде өтетін «Жас инженер-механик» жобалық байқауына қатысуға шақырамыз.
Конкурсқа қатысу үшін ,27 сәуір 2025 жылға дейін төмендегі кестемен электронды почтаға өтінім жіберу керек.
Барлық сұрақтар бойынша: Абылкайыр Ж.Н. +7 747 208 98 40, Калмаганбетов С.А. +7 707 777 29 41.