ArtLab Сәтбаев университетінің қызметкерлерін актерлік шеберлік және коммуникация курсына шақырады

Бұл театрдағы рөлге дайындық немесе сахнаға шығу үшін дайындық емес.
Бұл сіздерге күнделікті кәсіби өмірде қажет болатын сенімділік, мәнерлілік және тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға арналған практикалық курс.
ArtLab актерлік шеберлік пен коммуникациялық қарым-қатынас дағдылары курсын Сәтбаев университетінің қызметкерлері үшін арнайы ашады.
Бағдарлама әрбір қатысушы өз тәжірибесіне қарамастан, өзінің ішкі қабілетін аша алатындай етіп жасалған, сөйтіп ол кез келген жағдайда өзін еркін сезінуді үйренеді және өз-өзіне сенімдірек болады.
Ол не үшін керек?
- Өз бойындағы стресс пен эмоционалдық күшті төмендету үшін;
- Өзара байланыс дағдыларын жақсарту үшін және өз-өзін таныту қабілетін арттыру үшін;
- Эмоционалдық интеллекті арттырып, эмпатия дамыту үшін;
- Креативтік ойды ынталандыру үшін;
- Ұжым ортасында жылы әрі тиімді қарым-қатынас орнату үшін.
Нәтижесі қандай болады?
- «Эээ... нее...» секілді көмекші сөздерсіз, сенімді сөйлеп, сахнада тұрғандай анық сөйлеу техникасын үйренесіз;
- Пластика мен қозғалыс мәнерін, яғни өз-өзіңізді сенімді әрі дұрыс ұстауды үйренесіз;
- Импровизация театр сахнасында ғана емес, кез келген адаммен күтпеген кездесу сәтінде де қажет;
- Концентрация және стресті басқару әдістері – бұл өте маңызды екенін біз бәріміз де білеміз;
- Командалық жаттығулар – әріптестер «көрші кеңседегі жігіт» деген сияқты дәрежеде болмауы үшін, ұжымда тығыз байланыс қажет.
- Қашан: дүйсенбі, сағ. 19:00
Қай жерде: ArtLab
Педагог: Евгений Игнатов – «Артишок» театрының актері.