Ақпарат:

3 сәуір 2025 1288

«Болашаққа кемел біліммен» атты Республикалық студенттік олимпиадасының қорытындысы

«Болашаққа кемел біліммен» атты Республикалық студенттік олимпиадасының қорытындысы

Satbayev University қабырғасында Т. Басенов атындағы Архитектура және құрылыс институты ұйымдастырған «Болашаққа кемел біліммен» Республикалық студенттік олимпиадасы өтті. Онлайн форматта өткен іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен инженерлік ғылымдар мен құрылыс технологияларына қызығушылық танытқан талантты студенттер қатысты.

Олимпиада құрылыс бағытындағы жеті негізгі пән бойынша сайыстарды қамтыды, олар: инженерлік механика, құрылыс механикасы, құрылыс материалдары, құрылыс конструкциялары, геотехника, материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы және ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік жүйелері. Тапсырмалар тек теориялық білімді ғана емес, болашақ мамандардың практикалық дағдыларын да тексеру үшін әзірленді.

Олимпиаданың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болды.

Студенттер өзара білімдерін сынау нәтижесінде әр пән бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бірінші орындарды иеленгендер:

  • Инженерлік механика – Герлинский Марк 
  • Құрылыс механикасы – Құдышев Нұрболат 
  • Құрылыс материалдары – Бастарбек Әмина 
  • Құрылыс конструкциялары – Миндубаева Милана 
  • Геотехника – Болат Шугыла 
  • Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы – Турсунов Абубакир 
  • Ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік жүйелері – Ахметжанов Асылан

«Болашаққа кемел біліммен» олимпиадасы тек үздік студенттерді анықтап қана қоймай, ғылыми-зерттеу қызығушылығын дамытуға, кәсіби біліктілікті арттыруға және жас мамандар арасында білім алмасуға ықпал етеді. Satbayev University болашақ инженерлер мен құрылысшыларды қолдап, олардың кәсіби өсуі мен жетілуіне мүмкіндік береді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту