Ақпарат:

27 қараша 2025 686

Сәтбаев университеті ABEATS-2025 алаңына айналды: ғылым, инженерия және бизнес саласында тәжірибе алмасу

Сәтбаев университеті ABEATS-2025 алаңына айналды: ғылым, инженерия және бизнес саласында тәжірибе алмасу

2025 жылғы 25–26 қараша күндері Алматыдағы Сәтбаев университеті базасында The 7th ASEAN Business, Engineering & Technology Summit (2025) халықаралық конференциясы өтті.

ABEATS – Азияда жыл сайын өтетін жетекші конференциялардың бірі, ол БҰҰ-ның Тұрақты даму стратегияларын бизнес, инжиниринг және технология салаларындағы инновациялық әзірлемелер мен зерттеулер негізінде жүзеге асыруға бағытталған. Биыл Сәтбаев университеті осы ауқымды бастаманың тең ұйымдастырушысы ретінде қатысып, білім мен тәжірибе алмасу үшін өз алаңын ұсынды.

Екі күндік конференция барысында Солтүстік Америка, Еуропа және Азия елдерінен келген ғалымдар өз зерттеулерімен таныстырып, практикалық тұрғыда тәжірибе алмасты және жаһандық тұрақтылық контекстінде инженерлік әрі технологиялық шешімдердің даму бағыттарын талқылады. Әсіресе жасанды интеллект интеграциясына, инженерлік инновацияларға, жаңа технологиялар мен тұрақты модельдерді инженерлік-техникалық жүйелердің дамуы жолына қолдануға, сондай-ақ университеттер мен зерттеу орталықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылды.

«ABEATS 2025-ті Сәтбаев университеті базасында өткізу – біздің зерттеушілерге танымал ғалымдармен ғылыми байланыс орнату үшін, сондай-ақ өздерінің ғылыми мақалалары мен зерттеу нәтижелерін әлемдік ғылыми қауымдастыққа ұсыну үшін үлкен мүмкіндік. Осындай ауқымдағы симпозиумның университет қабырғасында өткізілуі Сәтбаев университетінің Орталық Азия аймағындағы инженерлік білім беру мен зерттеу орталығының флагманы ретіндегі мәртебесін тағы да айқындайды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі де бізге дәл осындай міндет қойып отыр, ал біздің университет профессорлар мен жас ғалымдар үшін барлық жағдайды жасап келеді», – деп өз ойымен бөлісті халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректор Самғат Ермекбаев.

Satbayev University стал площадкой для ABEATS-2025:  обмен опытом в области науки, инженерии и бизнеса

 

«Мен ғалым ретінде таза энергияны зерттеуге баса назар аударамын, – деді конференцияның негізгі спикерлерінің бірі, City University of Hong Kong өкілі, профессор Эдвин Чи-Ян Цзо. – Алайда тек қана таза энергияның жеткіліксіз екенін біз түсінеміз. Сондықтан да тұрақты даму мақсаттарына кешенді түрде жету үшін, біз әртүрлі адамдарды: ғалымдарды, үкімет өкілдерін, инвесторларды және өнеркәсіп мамандарын біріктіре отырып, бірге жұмыс істейтін боламыз».

Конференция қатысушылары сонымен қатар дәйексөздік журналдарға ғылыми мақалалар дайындауға арналған практикалық воркшоптарға да ерекше көңіл бөлді. Әлемнің түрлі университеттерінен келген тәжірибелі әріптестер зерттеу жүргізу мен мақала дайындау барысында нені ерекше ескеру керектігі туралы өз көзқарастарымен бөлісті.

«Зерттеулердің дизайны инклюзивті болуы аса маңызды, өйткені әртүрлі адамдар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар да жұмыс нәтижелерін еркін пайдалана алуы тиіс, ал қабылданған шешімдер болашақ ұрпақ үшін де тұрақты болып қалуы керек», – деп атап өтті доктор Джунаид Сайед, Kolojic Ltd компаниясының тең құрылтайшысы және техникалық директоры, ол ғылым мен өнеркәсіп тоғысында табысты түрде мансап құра білген ғалым.

Satbayev University стал площадкой для ABEATS-2025:  обмен опытом в области науки, инженерии и бизнеса

Сәтбаев университеті өз кезегінде конференция ұйымдастырушысы ғана емес, белсенді серіктес ретінде де бой көрсетті: университеттің студенттері мен жас ғалымдары сессияларға қатысып, өз деңгейлерін көрсетті, осылайша шетелдік әріптестерімен байланыс орнатты. Конференция барысында Сәтбаев университетінің зерттеушілері «Циклдік экономика мен тұрақты тұтынуға арналған ЖИ-шешімдер», «Қоршаған ортаны қорғауға арналған цифрлық технологиялар», «Этикалық ЖИ және тұрақты даму үшін инклюзивті басқару», «Цифрлық инклюзия мен әлеуметтік теңдікке технологиялар арқылы жәрдемдесу» сияқты тақырыптар бойынша өткен панельдік сессияларға қатысты. Осы тақырыптық сессияларда зерттеушілер өз ғылыми мақалаларымен және жобалық зерттеулерінің нәтижелерімен таныстыруға мүмкіндік алды.

Конференция аясында сондай-ақ ғылыми журналдардың редакторлары рейтингі жоғары дәйексөздік журналдарға ғылыми мақалалар жазу және оны жариялау жөнінде пайдалы воркшоптар өткізді.

Біз барлық қатысушылар мен қонақтарға білім мен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айта отырып, экологиялық әрі әлеуметтік тұрақтылыққа бағытталған инновациялар мен инженерлік ЖИ-шешімдер бойынша бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыруға қуаныштымыз.

Satbayev University стал площадкой для ABEATS-2025:  обмен опытом в области науки, инженерии и бизнеса

Satbayev University стал площадкой для ABEATS-2025:  обмен опытом в области науки, инженерии и бизнеса

Satbayev University стал площадкой для ABEATS-2025:  обмен опытом в области науки, инженерии и бизнеса

Satbayev University стал площадкой для ABEATS-2025:  обмен опытом в области науки, инженерии и бизнеса

Satbayev University стал площадкой для ABEATS-2025:  обмен опытом в области науки, инженерии и бизнеса

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту