Ақпарат:

5 желтоқсан 2025 44

Сәтбаев университеті Ақсу қаласы әкімдігінің өкілдерін «цифрлық Ақсу» тұжырымдамасымен таныстырды

Сәтбаев университеті Ақсу қаласы әкімдігінің өкілдерін «цифрлық Ақсу» тұжырымдамасымен таныстырды

Ақсу қаласының делегациясы Сәтбаев университетіне екі күндік сапармен келіп, университеттің инженерлік желілерді цифрландыру, қала құрылысына талдау жасау және коммуналдық инфрақұрылымды басқару бағыттарындағы инновациялық әзірлемелерімен танысты. Ғалымдар мен қазақстандық ТКШ өкілдері «цифрлық Ақсу» тұжырымдамасын талқылады. Бұл тұжырымдама қала инфрақұрылымын ақылды басқаруға негізделген және жылумен қамтамасыз ету, су ресурстары мен құрылыс жобаларының тиімділігін арттыруды қамтиды.

Бірінші күннің бағдарламасы бойынша қонақтар NERO Group компаниясының өндірістік алаңдарына, MEMBRANECO спинофф-компаниясына, Физика-техникалық институтының зертханаларына және коммерцияландыру жобасы аясында ашылған INSULTECH компаниясына барды. Олар Сәтбаев университетімен серіктестік байланыста ашылған инновациялық өндірістерді және инженерлік шешімдер мен материалдардың жаңа буынын енгізу үлгілерін көрді.

Екінші жұмыс күні Сәтбаев университетінде жалғасты, онда университет өкілдері қалалық инфрақұрылымдардың жұмысын модельдеуге және оңтайландыруға мүмкіндік беретін цифрлық жүйелермен таныстырды. Сондай-ақ қала коммуникацияларының, жолдардың және құрылыс алаңдарының жағдайын бағалау үшін қажетті геодинамикалық мониторинг мәселелері қарастырылды.

Әсіресе жылу желілерінің цифрлық егіздерін жасау жобаларына ерекше қызығушылық туды. Өйткені олар апаттарды болжауға, сорғы станцияларына түсетін жүктемені оңтайландыруға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Университеттің ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Ержан Көлдеев Сәтбаев университеті ұсынған қолжетімді, жоғары технологиялық шешімдер Аксу қаласында апаттар санын азайтып, жөндеу жұмыстарына жұмсалатын қалалық бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сапар соңында бірлескен жобалардың ықтимал бағыттары талқыланды. Екі жақ тараптар бірлескен жобалармен жұмыс істеуді жалғастыруға және университет әзірлемелерін Ақсу қаласының инфрақұрылымына интеграциялау мүмкіндігін қарастыру туралы келісті.

Сәтбаев университеті Ақсу қаласы әкімдігінің өкілдерін «цифрлық Ақсу» тұжырымдамасымен таныстырды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту