Сәтбаев университеті Әскери іс институтының Қазақстан Республикасы күніне арналған «Ашық есік күніне» шақырамыз
Сәтбаев университетінің Әскери іс институты 29 және 30 қазан күндері сағат 9:00-де өтетін «Ашық есік күніне» шақырады.
Қонақтарды заманауи жаңа әскери технологиялар мен бағдарламалардың интерактивті көрсетілімдері, қазіргі заманғы ұрыстың реконструкциясы, танк экипаждарының тәжірибелік жұмысы және Шекара академиясы мен ІІМ Ұлттық ұланының кинологиялық қызметінің әсерлі бағдарламасы күтіп тұр. Іс-шара соңында сіздердің құрметтеріңізге дәстүрлі түрде «Сарбаз ботқасы» беріледі.
«Ашық есік күніне» Сәтбаев университетінің студенттері мен олардың ата-аналары, мектеп оқушылары және басқалары шақырылады. Келем деушілерге есік ашық.
Өтетін орны мен уақыты: 29 және 30 қазан күндері, сағат 9:00-де, Байтұрсынов көшесі, 140 үй.



