17 қаңтар 2023
4328
Сәтбаев Университеті бакалавриат студенттеріне арналған ағылшын тілі курстарын қайтадан бастайды
Құрметті студенттер!
Сәтбаев Университетінің «Шет тілдер» кафедрасы бакалавриат студенттеріне арналған ағылшын тілі курстарына тіркелу басталғанын қуанышпен хабарлайды.
Сабақ 2 топта аптасына екі рет оффлайн форматта – таңертең және кешке өтеді. Басталуы – 2023 жылғы 23 қаңтар. Оқу мерзімі – қаңтар айынан бастап, мамыр айына дейін. Оқу құны – айына 15 мың теңге.
Сондай-ақ Speaking Club клубына қатысып, ағылшын тілінде сөйлейтін тәлімгерден тегін түрде дәріс алуға мүмкіндік бар.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласу керек: WhatsApp +7 701 443 5921, Эльвира Жантелова.



