Ақпарат:

3 сәуір 2025 1278

Сәтбаев университеті білім сапасын дәлелдейді: тоғыз бағдарлама халықаралық стандарттар бойынша аккредитациядан өтуде

Сәтбаев университеті білім сапасын дәлелдейді: тоғыз бағдарлама халықаралық стандарттар бойынша аккредитациядан өтуде

Университеттің даму стратегиясы білім сапасын арттыруға және халықаралық стандарттарға сәйкес болуға бағытталған. Бұл жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – білім беру бағдарламаларын тәуелсіз аккредитациядан өткізу болып табылады, бұл өз кезегінде болашақ мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін дәлелдейді.

2025 жылы университеттің тоғыз бағдарламасы Орталық Азиялық білім беруді аккредиттеу қауымдастығының (CAAAE) тәуелсіз аккредитациясынан өтуде, бұл университеттің осы аймақтағы жетекші техникалық университет ретіндегі позициясын нығайтады. Аккредитациядан инженерлік және техникалық мамандықтар, геологиялық және қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша бағдарламалар, сондай-ақ «Executive MBA» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» бағдарламалары өтеді.

Сәтбаев университетінде білім беру сапасы әрқашан басты назарда болып келеді. Университет студенттерге заманауи білім беру технологияларын, озық технологиялы зертханалар мен ғылыми зерттеулерге қол жеткізулерін қамтамасыз етеді, әрі әлемдік жетекші университеттермен және өндірістік серіктестермен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды.

Университет серіктестерінің бірі – Орталық Азиялық білім беруді аккредиттеу қауымдастығы (CAAAE), ол Еуропалық инженерлік білім беруді аккредиттеу желісінің (ENAEE) мүшесі, әлемнің көптеген елдері мойындайтын EUR-ACE® сапа белгісін шығаруға құқығы бар. Университет бағдарламаларының CAAAE тәуелсіз аккредитациясынан өтуі түлектеріміздің халықаралық талаптарға сай, жоғары сұранысқа ие болатын білім мен дағдыларды меңгеріп шығуын қамтамасыз етеді.

Сәтбаев университеті білім сапасын дәлелдейді: тоғыз бағдарлама халықаралық стандарттар бойынша аккредитациядан өтуде

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту