Сәтбаев университеті III Халықаралық TRADEX сауда форумының –сауда саласында жылдың басты оқиғасының алаңына айналды
Алматыда Сәтбаев университеті базасында III Халықаралық сауда форумы TRADEX Central Asia Trade Expo өтті – бұл сауда және қызмет көрсету саласы бойынша жыл сайын өтетін басты оқиға болып саналады. Форум халықаралық сауда, логистика, электрондық коммерция және сату саласында жасанды интеллектті қолдану мәселелерін талқылауға арналған өңірлік хабқа айналды. Іс-шараға 200-ден астам қатысушы жиналды, олардың арасында бизнес және мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен серіктестер бар.
Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев форумның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде TRADEX форумының университет базасында өткізілуінің символдық мәні бар екенін атап өтті, өйткені оқу орны инженерлік білім беру орталығымен қатар бизнес қауымдастығын біріктіретін маңызды алаңға айналып келеді.
«Біздің мақсатымыз – стратегиялық ойлау қабілеті мен цифрлық құзыреттері жоғары көшбасшыларлың жаңа буынын қалыптастыру. Олар ұлттық экономиканы трансформациялап, жаһандық бизнес қауымдастығында тұрақты нәтижелерге қол жеткізе алатын болады», – деді ол.
Форум бағдарламасы «Халықаралық сауда саласының сын-қатерлері мен даму келешегі», «Қазақстандағы сауда-саттықта электрондық коммерция мен AI технологияларын дамыту», «Көлік және логистика: оңтайландыру жолдары мен даму бағыттары» атты тақырыптар бойынша пленарлық сессияларды, сондай-ақ қазақстандық брендтерді ілгерілету тәжірибесі және салық салу мәселелері бойынша шеберлік сағаттарын қамтыды. Қатысушылар цифрлық трансформация жағдайында саудадағы негізгі трендтер, жаңа форматтар мен бизнеске арналған мүмкіндіктер туралы талқылады.
TRADEX Central Asia Trade Expo форумы Консалтингтік және сауда компанияларының ассоциациясының, сондай-ақ Сәтбаев университеті TEBS Бизнес-мектебінің қолдауымен өтті. Форум тәжірибе алмасу, нетворкингті дамыту және жаңа серіктестер табуға арналған бірегей алаңға айналып, Алматы қаласының Орталық Азиядағы жетекші іскерлік және сауда орталығы ретіндегі мәртебесін тағы бір рет растады.



