Ақпарат:

9 сәуір 2026 844
4 17

Сәтбаев университеті International Programs Expo көрмесі арқылы студенттердің халықаралық мүмкіндіктерін кеңейтуде

Сәтбаев университеті International Programs Expo көрмесі арқылы студенттердің халықаралық мүмкіндіктерін кеңейтуде

Сәтбаев университетінде академиялық ұтқырлықты дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған шетелдік білім беру бағдарламаларының ауқымды көрмесі – International Programs Expo өтті.

Көрмеде ақпарат таратумен қатар, көптеген шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, сарапшылар академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға дайындық жөнінде тәжірибелік сессиялар өткізді. Студенттер ынталандыру және ұсыным хаттарын дұрыс жазуды үйреніп, бәсекеге қабілетті түйіндеме құрастыру жолдарын үйренді. Сонымен қатар арнайы workshop өткізіліп, оның барысында студенттер академиялық ұтқырлыққа өтінім беру процесімен жан-жақты танысты және спикерлерден арнайы тәжірибелік кеңестер алды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелде оқып келген студенттердің айтқан сөздері жиынның маңызын арттыра түсті. Олар шетелде білім алу тәжірибесімен бөлісіп, құжат тапсыру процесі, басқа елге бейімделу және ондағы білім беру ортасының ерекшеліктері туралы айтты. Қатысушылар ашық диалог форматында сұрақ қойып, тәжірибе арқылы жинақталған пайдалы кеңестер алды.

Осылайша Сәтбаев университетінде өткен International Programs Expo көрмесі тек ақпараттық алаң ғана емес, толыққанды білім беру ортасына да айналды, өйткені мұнда теория мен практика ұштасты, ал халықаралық тәжірибе бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті. Іс-шара университеттің интернационалдандыру және студенттердің жаһандық құзыреттерін дамытудағы стратегиялық бағытын тағы бір рет растады. Бұл әлемдік экономика талаптарына дайын жаңа буын мамандарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Көрмені ұйымдастырушы – университеттің Халықаралық ынтымақтастық кеңсесі. Оның тәжірибесі мен сараптамасы университетте халықаралық деңгейге шығатын студенттерге қолдау көрсетудің тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, Сәтбаев университетінің Қазақстан мен Орталық Азиядағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жетекші орталықтардың бірі ретіндегі позициясын нығайта түсті.

Бұл материал Satbayev University-дің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (UN 2030 Agenda for Sustainable Development) қосқан үлесі аясында дайындалды:
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту