Сәтбаев университеті магистратураға мемлекеттік грантқа құжат қабылдау мерзімін жариялады
Сәтбаев университеті магистратураға мемлекеттік білім беру гранттары бойынша конкурсқа құжат қабылдау мерзімдерін жариялады. Талапкерлер құжаттарды 12–18 желтоқсан аралығында тапсыра алады. Ал конкурс нәтижелері мен грант иегерлерінің тізімі 25 желтоқсанға дейін жарияланады.
Болашақ магистранттарды оқуға қабылдау 2025 жылғы 26 желтоқсаннан 2026 жылғы 10 қаңтарға дейін жүргізіледі. Университет талапкерлерді көрсетілген даталармен мұқият танысып, қажетті құжаттарды уақытылы тапсыруды еске салады.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру керек:
- жоғары білім туралы құжат және оның қосымшалары (түпнұсқа);
- КТ сертификаты;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- шет тілінен тапсырған тестінің сертификаты (ағылшын тілі – егер бар болса).
Мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін КТ нәтижелері бойынша төмендей балл жинау қажет:
1) Ғылыми-педагогикалық магистратураға – кемінде 75 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейіндік пән – кемінде 7 балл, екінші бейіндік пән – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтау тесті бойынша – кемінде 7 балл;
2) Профильді магистратураға – кемінде 30 балл, оның ішінде: білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейіндік пән – кемінде 7 балл, екінші бейіндік пән – кемінде 7 балл.
Өтініш беру кезінде талапкер бір білім беру бағдарламалары тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады.
ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ
+7 (727) 292 73 01, +7 (727) 292 57 34, priem@satbayev.university
Жұмыс кестесі:
дс-жм – 9.00 – 18.00
сб-жс – демалыс



