Ақпарат:

25 сәуір 2025 147

Сәтбаев университеті мен Schneider Electric компаниясы серіктестікті кеңейтіп, автоматтандыру саласында күш біріктіруде

Сәтбаев университеті мен Schneider Electric компаниясы серіктестікті кеңейтіп, автоматтандыру саласында күш біріктіруде

Сәтбаев университеті мен Schneider Electric компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, инженерлік білім беру және цифрлық технологиялар саласы бойынша стратегиялық серіктестік қарым-қатынастың жаңа кезеңін ашуда. Құжатқа университет ректоры, профессор Мейрам Бегентаев пен Schneider Electric компаниясының Орталық Азия және Кавказ бойынша бас директоры Эдгар Бу Шахин қол қойды.

Меморандумға қол қою рәсімі Сәтбаев университетінің «Автоматтандыру және басқару» кафедрасында құрылған жаңа Schneider Electric өнеркәсіптік автоматтандыру зертханасын ашу шарасының бір сәті болды. Зертхана университет пен Schneider Electric арасындағы көпжылдық ынтымақтастық қарым-қатынастың жалғасы болмақ. Бұған дейін өзара серіктестік энергетика саласында ғана дамып келсе, қазір өнеркәсіпті автоматтандыру саласын да қамтитын болады.

Ынтымақтастық қарым-қатынастың жаңартылған форматы білім беру мен өндіріс орындары арасында тығыз байланыс жасауға, сонымен қатар студенттерде цифрлық экономика тұрғысынан жоғары сұранысқа ие болатын тәжірибелік дағдыларды дамытуға бағытталған.

«Schneider Electric компаниясымен ынтымақтастық байланыс бізге білім беру траекториясын салалық талаптарға сай етіп, икемді түрде бейімдеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев. – Біз экожүйені дәйекті түрде біртіндеп құрудамыз, осылайша студенттер алғашқы күннен бастап-ақ нақты өндірістік процестерге араласа алады. Бұл еліміздің бәсекеге қабілетті бола алатын тұрақты экономикасын дамытуға қосқан үлесіміз».

Ынтымақтастық қарым-қатынас барысында сонымен қатар білім беру бағдарламаларын жаңарту, ғылыми-қолданбалы жобаларды жүзеге асыру, тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру, оқытушылардың біліктілігін арттыру және заманауи технологиялық шешімдерді оқу үдерісіне енгізу бойынша бірлескен жұмыстар да қарастырылатын болады.

Сәтбаев университеті мен Schneider Electric компаниясы серіктестікті кеңейтіп, автоматтандыру саласында күш біріктіруде

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту