Ақпарат:

3 сәуір 2025 1199

Сәтбаев университеті мен Цинхуа университеті Алматыда технопарк құру мәселесін талқылады

Сәтбаев университеті мен Цинхуа университеті Алматыда технопарк құру мәселесін талқылады

Сәтбаев университетінің делегациясы Қытай елінің жоғары оқу орындарына жасаған жұмыс сапары аясында Цинхуа университетінде болып, Қытайда құрылған ең ірі ғылыми-технологиялық парк – Цинхуа университетінің ғылыми паркін аралады. Кездесудің басты тақырыбы – инновациялық орталықтар құрылысы және Алматыда Сәтбаев университетінің базасында технопарк құру мүмкіндігі болды.

Өзара жасалған келіссөздер барысында екі жақ тараптар Қазақстан жағдайларына бейімделуі мүмкін технологиялық кәсіпкерліктің экожүйесін дамытудың сәтті үлгілерін қарастырды. Сондай-ақ стартаптарды қолдау, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және венчурлық инвестицияларды тарту тетіктері талқыланды. Сонымен қатар цифрландыру және креативті индустрияны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Tsinghua University Science Park Holdings – Қытайдың ең ірі инвестициялық және басқарушы компаниясы, ол ғылыми-технологиялық парктерді дамытуға маманданған, оның экожүйесі жүздеген стартаптарды, венчурлық қорларды және жасанды интеллект, биотехнология, жаңартылатын энергия, сондай-ақ IT салаларындағы жетекші ғылыми орталықтарды біріктіреді. Компанияның жылдық айналымы 28 миллиард долларға жетеді, бұл оны Аспан асты империясының инновациялық секторында ең ірі ойыншыға айналдырып отыр.

Цинхуа университеті 1994 жылы негізін қалаған ғылыми-зерттеу паркі әлемдегі ең ірі технопарктердің біріне айналды. TUS Park білім мен технологияның жаһандық білім алмасуына ықпал ете отырып, дүние жүзіндегі ең үздік университеттермен және технопарктермен белсенді түрде ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды. Жаһандық жетекші инновациялық орталықтармен тәжірибе алмасу технологиялық кәсіпкерліктің тұрақты экожүйесін құруда маңызды рөл атқарып келеді.

Цинхуа университетімен ынтымақтастық байланыс ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беріп, Қазақстан үшін әлемдік технологиялық көшбасшылықтың жаңа жолдарын ашатынына Сәтбаев университеті нық сенімді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту