Сәтбаев университеті ректорының 2026 жылғы Рождество мерекесіне арнаған құттықтауы!
Құрметті әріптестер! Қымбатты студенттер!
Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – рухани жаңару, тазару кезеңі. Жұрт өз құндылықтарын еске алып, бір-біріне мейірім мен қамқорлық танытатын, игіліктің, үміт пен жасампаздықтың жолында бірігетін ең жарқын уақыт. Барлық дәстүрлі діндер сияқты, православие де еліміздің бірлігі мен қоғамдағы өзара түсіністікті нығайтуға маңызды үлес қосып келеді, ал Рождество мерекесі – адамдық қарым-қатынастың құндылығы мен шапағат-нұрының символы болып қала береді.
Заманауи ғылымды дамыту осы құндылықтарсыз мүмкін емес: ол сенім мен ынтымақтастық қарым-қатынасқа негізделеді және танымның жаңа көкжиектерін ашады. Сәтбаев университетінің ұжымында әрдайым бір-бірімізге қолдау көрсетілетін дәстүрмізге құрметпен қарап, жаңа идеялар мен жаңалықтарға жол ашатын ұрпақтар сабақтастығы жалғаса берсін!
Барлық ұжымға денсаулық, аманшылық пен отбасына бейбітшілік тілеймін. Рождество мерекесі болашаққа деген сенім сыйлап, жүректерімізді игі істер мен ғылыми жетістіктерге толтырсын!
Құрметпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев



