Ақпарат:

29 қазан 2025 932

Сәтбаев университеті студенттеріне арналған конкурс!

Сәтбаев университеті студенттеріне арналған конкурс!

Біз AdWay компаниясымен бірлесе отырып, нағыз студенттік стартап – «Сәтбаев университетінің Студенттер кафесі» атты жаңа конкурс жарияладық!

Кампус ішіндегі тамаша Студенттік кафе ыңғайлы әрі бағасы қолжетімді, әрқашан көңілді атмосферада болуы үшін – ол қандай болуы керек жөнінде сізде қандай да бір идея бар ма?

Егер бар болса, міне, енді оны жүзеге асырудың тамаша мүмкіндігі туып отыр!

Жобаның негізгі шарттары:

  • Конкурсқа тек Сәтбаев университетінің студенттері ғана қатысады (жеке немесе 5 адамнан тұратын команда).
  • Кафенің дизайны қазіргі заманғы талаптарға сай болып, студенттердің демалысына, сабақ оқуына және достарымен көңіл көтеруіне ыңғайлы болуы керек. 
  • Кафенің жұмысы – логистикасы, қызмет көрсету түрлері дұрыс ұйымдастырылуы керек.
  • Тұрақты даму негіздері – экологиялық шешімдер мен қалдықтар мәселесі дұрыс ойластырылуы керек.

Жеңімпаз осы кафе жобасының 33 % үлесін иеленеді 
    •    Жобаны AdWay компаниясы толығымен қаржыландырады
    •    Кафе университет аумағында нақты түрде салынып, жұмыс істейтін болады!

Жобаның негізгі кезеңдері:
Тіркелуі және басталуы — 2025 жылғы 26 қазан 
Жобаны ұсыну — 2025 жылғы 10 қарашаға дейін
Өз идеяңызды қорғау — 2025 жылғы 15 қараша
Жеңімпазды жариялау — 2025 жылғы 18 қараша

Әділ қазылар алқасы Сәтбаев университеті мен AdWay компаниясының және студенттік өзі-өзі басқару ұйымының өкілдерінен құралады.

Бұл жай ғана конкурс емес — бұл Сәтбаев унверситетінің нақты бизнесіне араласу мүмкіндігіңіз!
Сонымен, AdWay компаниясымен бірге өз жобаңызды бастап, кампусты көркейтуге атсалысыңыз!

Тіркелу 8 702 209 5712 телефоны бойынша.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту