Ақпарат:

16 қазан 2025 833

Сәтбаев университетінде адам өмірін құтқаруға көмектесетін «Қауіпсіздік әліппесі» атты сабақ өтті

Сәтбаев университетінде адам өмірін құтқаруға көмектесетін «Қауіпсіздік әліппесі» атты сабақ өтті

Сәтбаев университетінде 1-курс студенттеріне арналған аса маңызды семинар – «Қауіпсіздік әліппесі» атты сабақ өтті. Бұл сабақ университет қабырғасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын қажетті практикалық дағдыларды дамытуға бағытталды. Кездесу Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, Бостандық ауданы Полиция басқармасының және Құтқару қызметінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Семинар барысында Бостандық ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері студенттерге құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары мен заңнама талаптарын сақтаудың маңызды екендігі туралы айтып берді. Алматы қаласы ТЖД өкілдері сондай-ақ жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керектігін жан-жақты түсіндірді. Ал университет өкілдері тұрмыс жағдайында да өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін еске салып, эвакуация кезінде қажет болатын «дабыл сөмкесінің» құрамын көрсетті.

Әсіресе ерекше қызығушылық тудырған сәт – зардап шеккен жандарды жоғарғы қабаттардан эвакуациялау әдістерінің көрсетілімі болды. Бұл жаттығу студенттерге нақты жағдайда оңтайлы әрекет етіп, жедел шешім қабылдаудың маңызын терең түсінуге көмектесті.

Кездесу соңында қатысушылар төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмдері жазылған жадынамаларды ескерткішке алып, танымды әрі пайдалы сабақ үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Сәтбаев университетінде адам өмірін құтқаруға көмектесетін «Қауіпсіздік әліппесі» атты сабақ өтті

Сәтбаев университетінде адам өмірін құтқаруға көмектесетін «Қауіпсіздік әліппесі» атты сабақ өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту