Ақпарат:

25 ақпан 2026 5024
5

Сәтбаев университетінде академиялық мәселелер жөніндегі жаңа проректор тағайындалды

Сәтбаев университетінде академиялық мәселелер жөніндегі жаңа проректор тағайындалды

Шерубай Сәуле Балғақызы Сәтбаев университетінің академиялық мәселелер жөніндегі жаңа проректоры болып тағайындалды. Жаңа проректордың жауапкершілігіне білім беру бағдарламаларын дамыту, ішкі оқыту стандарттарын жетілдіру және институттардың академиялық қызметін үйлестіру кіреді. Әсіресе ғылым мен білімді біріктіруге, сондай-ақ оқу үдерістерін одан әрі цифрландыруға ерекше назар аудару жоспарлануда.

Сәуле Шерубай – ғылым және жоғары білім беру саласында жоғары білікті маман, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты, University of Essex (Ұлыбритания) түлегі. Ол жоғары білім беру жүйесінде 22 жылдан астам еңбек етіп, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде атқарушы және басшылық қызметтерді атқарған.

90 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның инженерлік элитасын қалыптастырып келе жатқан Сәтбаев университеті «Ғылым мен білім – адам игілігі үшін» миссиясын жүзеге асыру және Орталық Азиядағы ірі техникалық хабқа айналу жөніндегі ауқымды мақсаттарға қол жеткізу үшін, басшылық команданы жүйелі түрде нығайтып келеді. Басшылық құрамын күшейту стратегиялық бастамаларды тиімді жүзеге асыруға, пәнаралық бағыттарды дамытуға және сапаға, инновацияға әрі жаһандық серіктестікке бағытталған тұрақты академиялық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тэги: SDG 5
Бұл материал Satbayev University-дің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (UN 2030 Agenda for Sustainable Development) қосқан үлесі аясында дайындалды:
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту