Ақпарат:

24 қазан 2025 1001

Сәтбаев университетінде дуалды оқыту және инженерлердің тәжірибелік дайындығын дамыту мәселелері талқыланды

Сәтбаев университетінде дуалды оқыту және инженерлердің тәжірибелік дайындығын дамыту мәселелері талқыланды

Сәтбаев университеті Ә. Буркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институтының «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасында «Студенттердің тәжірибелік дайындығы. ЖОО мен кәсіпорындардың өзара әрекеттестігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға еліміздің  жетекші университеттері мен өндірістік компаниялардың өкілдері қатысты, атап айтқанда: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ, «Борусан Макина Қазақстан», «СарыарқаАвтоПром», «Kazmining Project», «Ядролық физика институты», «LocosystemsKZ», «Caravan Resources ltd» және басқа да компаниялардың өкілдері бар.

Басты тақырып ретінде – Сәтбаев университетінің 4-курс студенттері үшін Қостанай қаласындағы «Аллюр» кәсіпорны базасында табысты түрде жүзеге асырылып жатқан дуалды оқыту жүйесін дамыту мәселесі талқыланды. Мұндай оқу форматы теориялық дайындықты практикалық жұмыс тәжірибесімен ұштастырып, студенттердің нақты өндіріс талаптарына тез бейімделуіне және кәсіби құзыреттерін қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Қатысушылар оқу үдерісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті және кафедраның дуалды оқыту форматын енгізу тәжірибесіне қызығушылық танытты. Пікірталас барысында студенттердің тәжірибелік дайындығын жетілдіру және жоғары оқу орындарының өндірістік серіктестермен өзара байланысын кеңейту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Дөңгелек үстел тәжірибе алмасуға, инженерлік білім берудегі өзекті мәселелерді талқылауға, әрі ғылым мен білім және өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға арналған тиімді алаңға айналды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту