Ақпарат:

11 қараша 2025 636

Сәтбаев университетінде елімізде тұңғыш рет симрейсинг бойынша студенттік турнир өтті

Сәтбаев университетінде елімізде тұңғыш рет симрейсинг бойынша студенттік турнир өтті

Қазақстанда виртуалды автоспорттан «Sim2LifeTrack by Satbayev – Time Attack Virtual Challenge» атты алғашқы студенттік турнир Сәтбаев университетінде өтті. Турнир Porsche Kazakhstan және Sokol автоспорт кешенінің қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл жарысқа 100-ден астам адам қатысты, олардың арасында инженерияға, цифрлық технологиялар мен автоспортқа қызығушылық танытқан студенттер, магистранттар және мектеп оқушылары бар.

Турнир Time Attack форматында Assetto Corsa ойынындағы Sokol Race Track трассасының виртуалды нұсқасында өтті. Қатысушылар спорттық автомобильді басқарудың шынайы жағдайларына барынша жақындатылған симуляторларда шеңберді ең аз уақыт ішінде айналып шығуға тырысты. Бұл жарыс Сәтбаев университеті студенттерінің бойында инженерлік ойлау мен цифрлық құзыреттерді дамытуға бағытталған білім беру бастамасының бір бөлігі ретінде өтті.

Бұл жарысты М. Тынышбаев атындағы Көлік инженериясы және логистика мектебі ұйымдастырды, ал Сәтбаев университетінің Racing Team студенттік командасы белсенді қатысушылардың бірі ретінде атсалысты. Турнирдің мақсаты – симрейсингті танымал ету, жастардың техникалық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру және көлікті қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастыру болды.

«Sim2LifeTrack – жай ғана виртуалды ойын емес, бұл – заманауи инженерлік зертхана, ол студенттерге автомобильді басқарудың нақты физикалық үдерістерін сезінуге және ғылым мен технология, әрі автоспорт біріккендегі жарыстың рухын бастан өткеруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Жарысқа Сәтбаев университетінің, Narxoz University, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Toraighyrov University, Kozybaev University, Азаматтық авиация академиясының, Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАДИ, Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің, KБТУ және еліміздің басқа да жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Narxoz University студенті Артём Тютин иеленді, ол ең үздік айналым уақытын – 1:41:927 көрсетіп, ерекше жүлдеге ие болды – Porsche Kazakhstan ұсынған Porsche 911 GT3 автокөлігінің рөліне отырып, Sokol Race Track шынайы трассасында жүріп өту мүмкіндігіне қол жеткізді. Ал екінші орынды Сәтбаев университетінің студенті Ильнур Сембаев пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Олег Кириллов бөлісті.

Бұл турнирді өткізу Сәтбаев университеті үшін инновациялық инженерлік білім беруді дамыту мен оқу процесіне ойын технологияларын енгізудегі тағы бір маңызды қадам болды. Университет студенттерге ғылым мен технологияны және спортты біріктіріп, студенттер үшін инженерлік шығармашылықтың жаңа көкжиектерін ашуға мүмкіндік беретін экожүйені қалыптастыруды жалғастыруда.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту