Ақпарат:

6 қараша 2025 830

Сәтбаев университетінде Қазақстан өнеркәсібінің трансформациясы тұрақты даму парадигмасында талқыланды

Сәтбаев университетінде Қазақстан өнеркәсібінің трансформациясы тұрақты даму парадигмасында талқыланды

Сәтбаев университетінде Жас ғалымдар кеңесінің және Торайғыров университетінің бірлесе отырып ұйымдастыруымен «Отандық өнеркәсіп орындарының трансформациясы тұрақты даму парадигмасында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын, атап айтқанда, «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» мен «Жауапты тұтыну және өндіру» бағыттарын ілгерілету. Бұл мақсаттар Қазақстанның тұрақты экономикаға көшуінің негізін құрайды.

Кездесу барысында қатысушылар ESG-әдістерін өнеркәсіп саласына енгізу, «жасыл» қаржыландырудың болашағы және кәсіпорындардың экологиялық әрі әлеуметтік жауапкершілігін арттырудағы инновациялардың рөлі туралы пікір алмасты. Сондай-ақ жиында халықаралық тұрақты даму тәжірибелерін отандық салаларға енгізу мен көміртек ізін азайтуға бағытталған ұзақ мерзімді стратегияларды қалыптастыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

«Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған жаңа тарихи міндет – өнеркәсіпті жай ғана дамыту емес, оны тұрақты ету, ресурс үнемдегіш және экологиялық тұрғыда таза ету, – деді дөңгелек үстел модераторы, Сәтбаев университеті Жобаларды басқару институты директорының орынбасары, қауымдастырылған профессор Назым Жүнісбекова. – Біздің университет қазірдің өзінде нақты нәтижелер көрсетуде: біз тек су үнемдеу технологиялары мен химиялық үдерістерді тұрақты даму тұрғысынан зерттеп қана қоймай, болашақ ғалымдар мен менеджерлерде жаңа ойлау жүйесін – жауапты, экологиялық және ғылыми деректерге негізделген көзқарастарын қалыптастырудамыз».

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар университеттер мен өнеркәсіп орындары арасында ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту, тұрақты даму жөніндегі білім беру бағдарламаларын дамыту және ESG-трансформация саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін кеңейту бойынша көптеген ұсыныстар жасады. Сәтбаев университеті өз кезегінде елдің тұрақты әрі технологиялық болашағын қалыптастыруға бағытталған практикалық шешімдерді әзірлеу жөніндегі сараптама орталығы және ынтымақтастық платформасы болуға дайын екенін білдірді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту