Ақпарат:

11 наурыз 2026 416

Сәтбаев университетінде Қоқан мемлекеттік университетінің өкілдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өтті

Сәтбаев университетінде Қоқан мемлекеттік университетінің өкілдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өтті

2026 жылғы 23 ақпан мен 6 наурыз аралығында Сәтбаев университетінде «Білім берудегі жасанды интеллект және деректерді талдаудың заманауи технологиялары» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті. Бағдарламаға Қоқан мемлекеттік университетінің қызметкерлері қатысты.

Курстың оқытушысы – Сәтбаев университетінің Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты Программалық инженерия кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессоры Касенхан Арай Мейрамбайқызы тағайындалды.

Оқу барысында тыңдаушылар жасанды интеллектті және деректерді талдау әдістерін білім беру саласында қолданудың заманауи тәсілдерімен танысты. Бағдарлама дәрістер мен практикалық сабақтарды қамтыды. Қатысушылар жасанды интеллекттің негіздерін, деректерді талдау үшін Python бағдарламалау элементтерін, машиналық оқытудың негізгі әдістерін және генеративті жасанды интеллекттің заманауи құралдарын меңгерді.

Қорытынды бақылау ретінде тыңдаушылар өздерінің кәсіби қызметінде жасанды интеллект технологияларын қолдануға арналған практикалық жобаларын қорғады.

Бағдарлама аясында қатысушылар университеттің ғылыми инфрақұрылымымен де танысты. Атап айтқанда, қолданбалы машиналық оқыту ғылыми-әдістемелік зертханасы, FabLab өндірістік зертханасы және суперкомпьютері таныстырылды.

Оқу нәтижесінде қатысушылар бағдарламаның өзектілігін атап өтіп, біліктілікті арттыру және цифрлық білім беру технологияларын дамыту бағытында алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылық білдірді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту