Ақпарат:

4 желтоқсан 2025 100

Сәтбаев университетінде ҚР Ұлттық инженерлік академиясы жұмысының қорытындылары шығарылып, Қазақстанның үздік инженерлері анықталды

Сәтбаев университетінде ҚР Ұлттық инженерлік академиясы жұмысының қорытындылары шығарылып, Қазақстанның үздік инженерлері анықталды

Сәтбаев университетінде Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының кеңейтілген отырысы өтіп, онда жылдың қорытындылары шығарылды және жасанды интеллектті дамыту мәселелерін қоса алғанда, инженерия саласының стратегиялық бағыттары талқыланды. Отырыста өңірлердің технологиялық дамуы, халықаралық жобалар және қазақстандық ғалымдардың әлемдік форумдарға қатысу мәселелері қозғалып, еліміздің жетекші ғалымдары, инженерлері мен өңірлердің өкілдері бас қосты.

ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, академик Бақытжан Жұмағұлов академияның өткен жылғы жұмысы туралы кеңейтілген баяндама жасады. Ол негізгі жетістіктерді, халықаралық бастамаларды және бүгінде инженерлік ғылым мен білімге цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізуге ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. «Біз қазір жаңа дәуірдің – жасанды интеллект дәуірінің басталғанын бірінші болып түсініп отырмыз. ЖИ-дің қарқынды дамуы адамзат өмірін түбегейлі өзгертуі мүмкін, сондықтан біз осы үдерістердің қақ ортасында болуымыз керек», – деп атап өтті Б. Жұмағұлов.

Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев өз кезегінде академия мүшелерін жаңа жұмыс циклының басталуымен құттықтап, университетті трансформациялау туралы баяндама жасады. Ол цифрлық технологияларды енгізу, индустриялық серіктестіктер құру және инженерлік білім беруді жаңғырту бағытындағы жұмыс туралы айтты. Сондай-ақ Сәтбаев университеті білім беру үдерісіне жасанды интеллектті белсенді түрде интеграциялап, студенттердің практикалық дайындығына және өндіріс орындарымен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін ерекше атап өтті.

«Цифрландыру мен технологиялық егемендік туралы сөз болғанда, мен біздің ғалымдарымыз үшін ерекше мақтаныш сезінемін. Солардың арқасында біз инженерлік даярлықты қайта құрып, нақты индустриялық міндеттерге негізделген университеттік цифрлық экожүйені қалыптастырдық. Сөйтсе де жасанды интеллект оқытушының орнын ауыстырмайды, бұл – уақыт үнемдейтін және қажетті құзыреттерге жылдамырақ жетуге көмектесетін құрал болып табылады», – деді ректор.

Отырыс соңында «Жылдың үздік инженері – 2025» атты X мерейтойлық Республикалық байқаудың жеңімпаздары жарияланды. Бұл байқаудың маңызы өте жоғары, өйткені байқаудың биылғы 10 жылдығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылымен тұспа-тұс келіп отыр. Президент инженерлік корпустың құндылығын ерекше атап өтіп, «инженерлер – прогрестің жүрегі» және жасанды интеллект қарқынды дамыған дәуірде елдің технологиялық егемендігінің кілті екенін баса айтқан болатын.

Биыл он бір инженер жоғары кәсіби біліктілігі мен ірі өнеркәсіптік, қорғаныс, экологиялық және инновациялық жобаларды жүзеге асырып, Қазақстанның экономикалық және технологиялық тұрақтылығын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін жоғары марапатқа ие болды. Лауреаттар қатарында АҚШ патенттерінің авторлары, армияға, мұнай-газ секторына, ШОБ-қа және ұлттық қауіпсіздікке арналған аса маңызды технологиялардың әзірлеушілері бар. Бұл олардың елдің технологиялық дамуына қосқан үлесінің ауқымын айқын көрсетеді. Марапаттарды табыстау рәсімі академия отырысының мәнді қорытындысына айналып, ғылыми қауымдастық, индустрия және жетекші университеттердің күш біріктіруі Қазақстанның инженерлік әлеуетін арттыру мен технологиялық егемендікке қол жеткізудің негізгі шарттарының бірі екенін тағы да дәлелдеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту