Ақпарат:

14 қараша 2025 800

Сәтбаев университетінде NATGEO Qazaqstan клубы ашылды

Сәтбаев университетінде NATGEO Qazaqstan клубы ашылды

Сәтбаев университетінде NATGEO Qazaqstan клубы салтанатты түрде ашылды, ол National Geographic Qazaqstan журналының редакциясымен бірлескен әріптестік негізінде құрылған болатын. Жаңа студенттік алаң ғылымды дәріптеуге, экожүйелердің тұрақты дамуын зерттеуге және «идеядан бастап, ашық қоғамдық нәтижеге дейінгі» жобаларды жүзеге асыруға арналған бірегей кеңістікке айналады. 
Жаңа NATGEO Qazaqstan клубы экология және тұрақты даму саласындағы жұмыстарын жалғастыратын болады, соның ішінде шеберлік сабақтары мен пікірталастар, ғылыми жобалар, далалық зерттеулер, сондай-ақ мектептермен және жастар қауымдастықтарымен бірлескен экологиялық акцияларды қамтитын бастамаларды жүзеге асырады.

— NATGEO Qazaqstan клубы студенттердің зерттеушілік, жобалық және медиакомпетенцияларын дамытуға ықпал ететін катализаторлардың бірі болады деп ойлаймыз, — деді Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев. — Әлемдегі ең танымал журналдардың бірі саналатын басылымның қазақстандық редакциясымен бірлесіп әзірленген бұл бастама сөзсіз студенттік белсенділікті арттыруға және қазіргі заман үшін осы саладағы маңызды жаңа жобалардың пайда болуына серпін береді.

Клуб қызметінің маңызды бағыттарының бірі – National Geographic Qazaqstan-мен, экологиялық үкіметтік емес ұйымдармен, зерттеу орталықтарымен және бизнес құрылымдарымен серіктестік қарым-қатынас орнату болмақ. Бұл студенттік бастамаларды дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік беретін тұрақты платформа құруға жол ашады.

Сонымен қатар Қазақстанның бай табиғаты мен мәдени мұрасына да айрықша назар аударылады. Бұл құндылықтар NATGEO Qazaqstan клубының миссиясымен сәйкес үйлеседі. «National Geographic» журналы география, табиғи әртүрлілік, тарих, ғылым және мәдениет жөніндегі мақалаларымен ерекшеленетіні белгілі және онда әрдайым өте мол фотосуреттер жарияланады. Осы дәстүрдің заңды жалғасы ретінде клубтың ашылуы аясында ұйымдастырылған фотокөрме қонақтарға Қазақстанды танымал отандық шеберлер мен дарынды студенттердің объективі арқылы тамашалауға мүмкіндік берді.

NATGEO Qazaqstan клубы бізді қоршаған әлемді зерттеуге, сақтауға және оны жұртшылыққа жария етуге ұмтылатын жандардың басын қосатын орталыққа айналып, студенттердің жаңа буынын ғылыми жаңалықтарға және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға шабыттандыратын болады деп сенеміз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту