Сәтбаев университетінде студенттік медиа-зертхана салтанатты түрде ашылды
Сәтбаев университетінде студенттік Media Hub салтанатты түрде ашылды. Бұл – студенттердің білім алуына, шығармашылықпен айналысуына және өз идеяларын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін заманауи кеңістік. Зертхана кәсіби дыбыс жазу студиясымен және подкаст-аймақпен жабдықталған, мұнда Қазақстанның белгілі ғалымдарымен және сарапшылармен сұхбаттар өтеді.
Жоба Қазақстан «Халық банкінің» қолдауымен жүзеге асырылды. Банктің Алматы филиалының директоры Вадим Каблов өз сөзінде университет бастамасының креативтілігі мен ауқымдылығына таңқалдыратынын атап өтті:
«Мұнда кез келген идея, кез келген іс толығымен, шығармашылық тұрғыда және шын ниетпен орындалады. Жастар осындай жобалардан шабыт алып, жаңа білім мен сараптама жасауға дайын тұратыны қуантады», – деді ол.
Сәтбаев университеті – бұл жай ғана оқу орны емес, сонымен қатар таланттарды дамытуға және идеяларды іске қосуға арналған алаң. Университеттің бұл бастамасы ел Президентінің креативті индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында туындап отыр.
«Біз елімізде креативті экономиканы кеңінен дамыту үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Дәл осы креативті экономика – ірі қалалардың дамуына серпін беретін, дарынды әрі шығармашыл адамдарды тартатын негізгі күшке айналып отыр», – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында. Бұл тұжырым университеттің инженерлік элитаны дамытуға бағытталған көптеген креативті бастамаларының негізіне айналды.
Жаңа медиа-зертхана білім мен шығармашылықты және шабытты тоғыстыра отырып, жастарды біріктіретін орталыққа айналары сөзсіз. Енді бұл жерде жаңа жобалар дүниеге келіп, тың подкастар жазылады және болашақты өзгертуі мүмкін шабытты оқиғалар орын алады.




