Сәтбаев университетінде «Заң мен тәртіп» бастамасы аясында есірткінің зияндығы туралы дәріс өтті
Сәтбаев университетінде есірткі заттарының зияны және оларды қолдану мен таратудың құқықтық салдары туралы профилактикалық дәріс өтті. Дәрісті Бостандық ауданы прокуратурасының өкілі Нұрсұлтан Керемқұлов оқып, есірткі заттарының адам денсаулығына, оның әлеуметтік өміріне және кәсіби болашағына тигізетін зияны жан-жақты қарастырылды.
Іс-шара «Заң мен тәртіп» бастамасы аясында өткізілді және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңдылық пен жеке қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын арттыруға бағытталды. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру Сәтбаев университетінің қауіпсіз әрі жауапты білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады және университеттің «Ғылым мен білім – адам игілігі үшін» атты қағидатына толық сай келеді.



