Ақпарат:

23 қазан 2025 1209
4

Сәтбаев университетінде жас сәулетшілердің Республика күніне арналған көрмесі өтті

Сәтбаев университетінде жас сәулетшілердің Республика күніне арналған көрмесі өтті

Сәтбаев университетінде Қазақстан Республикасы күніне арналған көрме мен шеберлік сабағы өтті. Іс-шараға сәулет бағыты бойынша 1-курс студенттері қатысып, ұлттық мерекеге арнайы дайындаған жұмыстарын ұсынды. Жұмыстарды патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбы біріктірді: студенттер ұлттық рәміздерді, тарихи бейнелер мен тәуелсіз Қазақстанның заманауи келбетін бейнеледі.

«Бүгін он екі студент өз картиналарын ұсынды. Бұл – үлкен жолдың басы: студенттер алдағы уақытта көрмелерге қатысып, Сәтбаев университетінің ішкі кеңістіктерін безендіреді, сөйтіп қонақтарды өз еңбектерімен қуантатын болады», – деді Сәтбаев университеті Тарихи музейінің директоры Жеңіс Молдабеков.

Бұл іс-шара қазір университеттің жақсы дәстүріне айналды. Өткен жылы 1-курс студенттері алғаш рет осындай көрме ұйымдастырған болатын, содан бері шығармашылық бастама өз жалғасын тауып келеді. Енді сәулетшілердің көрмелері мен шеберлік сабақтарын тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр – ол тек Республика күніне ғана емес, сонымен қатар Наурыз мерекесі мен университеттің мерейтойлық іс-шаралары сияқты маңызды даталарға да арналатын болады.

Сәтбаев университетінде жас сәулетшілердің Республика күніне арналған көрмесі өтті

Тэги: SDG 4
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту