Ақпарат:

20 қараша 2025 311

Сәтбаев университетіне Jiangsu Jitri Intelligent Manufacturing Technology Research Institute өкілдері келіп, бірлескен жобалар туралы талқылады

Сәтбаев университетіне Jiangsu Jitri Intelligent Manufacturing Technology Research Institute өкілдері келіп, бірлескен жобалар туралы талқылады

Сәтбаев университеті Қытайдың интеллектуалды өндіріс саласындағы жетекші компанияларының бірі — Jiangsu Jitri Intelligent Manufacturing Technology Institute (IIMT) делегациясын қабылдап, бірлескен академиялық бағдарламаларды жүзеге асыру және робототехника саласында кадрлық әлеуетті дамыту мәселелері туралы талқылады. Қытай делегациясын компания директоры, профессор Луо Миньчжоу бастап келіп, университеттің әлеуетін зерделеуге және өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынас жасау жолдарын іздеуге қызығушылық білдірді.

Кездесу білім беру саласындағы серіктестікті нығайтуға және Қытайдың жоғары технологиялық компанияларымен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталды. Қонақтар Сәтбаев университетінің инфрақұрылымымен танысып, цифрландыру мен инженерлік білім берудегі басым бағыттар туралы ақпарат алды, сондай-ақ роботтандыру саласындағы бірлескен жобалардың әлеуеті туралы талқылады. Сол жобалардың бірі — мамандарға жүйелермен және IIMT технологияларымен жұмыс істеу дағдыларын үйрететін бірлескен тренинг орталығын құру болмақ.

Компания өкілдері қазақстандық мамандардың жоғары біліктілігін атап өтіп, интеллектуалды кәсіпорындар құру және өнеркәсіптік бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы тәжірибелерімен бөлісуге дайын екендерін жеткізді.

IIMT компаниясы 2016 жылы Нанкин қаласында құрылған, ол интеллектуалды өндіріс саласындағы кешенді шешімдерді әзірлеумен айналысады. Бұл шешімдер өз кезегінде қауіпті әрі бірсарынды операцияларды роботтандырылған жүйелермен алмастыруға мүмкіндік береді, сөйтіп жұмыс ортасының қауіпсіздігін арттырады. Қонақтар да өздерінің бірқатар әзірлемелерімен таныстырып, роботтандырылған ақылды кафе үлгілерін және автоматтандырылған үздіксіз жеткізу жүйелеріне арналған шешімдерді көрсетті.

Бүгінде Сәтбаев университеті халықаралық ғылыми ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп, Орталық Азияның ең ірі техникалық орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді. Университет қазірдің өзінде инженерия, цифрландыру және жасанды интеллект бағыттары бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен және зерттеу орталықтарымен тығыз жұмыс істейді. Ал IIMT компаниясымен болған кездесу бірлескен білім беру және ғылыми-технологиялық бастамаларды қалыптастыру жолындағы жаңа қадам болды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту