Ақпарат:

9 сәуір 2026 908
4 17

Сәтбаев университетінің бизнес-инжиниринг бойынша жаңа қос дипломды бағдарламасы студенттерге жаһандық мүмкіндіктер ашады

Сәтбаев университетінің бизнес-инжиниринг бойынша жаңа қос дипломды бағдарламасы студенттерге жаһандық мүмкіндіктер ашады

Сәтбаев университетінде Shandong University of Science and Technology университеті өкілдерімен халықаралық ынтымақтастықты нығайту және студенттерге жаңа мүмкіндіктер жасау мәселелеріне арналған кездесу өтті. Халықаралық ынтымақтастық кеңсесі басшысының орынбасары Еркебұлан Құрымбай мен Жобаларды басқару институты директорының орынбасары Назым Жүнісбекова директор Фан және оның командасымен кездесіп, «Бизнес-инжиниринг» бағыты бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қосу мәселесін талқылады. Бұл бағдарлама студенттерге шетелде академиялық тәжірибе жинауға, сөйтіп кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында жаңа білім беру бағдарламасын іске қосудың шарттары жан-жақты қарастырылды, оның ішінде академиялық құрылымы, білім алушыларға қойылатын талаптар және қос диплом алу перспективалары да талқыланды. Әсіресе практика жүзіндегі оқуға және халықаралық білім беру стандарттарын енгізуге ерекше назар аударылды. Болашақ ынтымақтастық қарым-қатынас жайлы талқылаудан кейін қытайлық университет өкілдері бағдарламаға қызығушылық танытқан студенттермен кездесіп, оқудың және тұрғылықты жердің шарттары, сондай-ақ жазғы мектепке қатысу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді. Бұл академиялық ұтқырлықты кеңейтіп, практикаға бағытталған оқу траекторияларын дамытуға ықпал етеді.

Жаңа қос дипломды бағдарлама құру бастамасы сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға және халықаралық академиялық байланыстарды дамытуға бағытталған. Бұл Тұрақты даму мақсаттарының 4 қағидатына – яғни сапалы білім беру қағидатына сәйкес келеді. Бағдарламаны іске қосудың арқасында студенттер заманауи білім беру тәжірибелеріне қол жеткізіп, кәсіби білімдерін кеңейтеді және жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Сонымен қатар университеттер арасындағы серіктестікті дамыту Тұрақты даму мақсаттарының 17 қағидатын – яғни тұрақты даму мүддесі үшін серіктестік қарым-қатынас жасау қағидатын айқындайды. Өзара іс-әрекетті нығайту білім алмасуға, ғылыми және білім беру тәсілдерін интеграциялауға, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алатын мамандарды даярлау үшін тұрақты негіз қалыптастыруға ықпал етеді.

Бұл материал Satbayev University-дің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (UN 2030 Agenda for Sustainable Development) қосқан үлесі аясында дайындалды:
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту