Ақпарат:

28 қаңтар 2026 528

Сәтбаев университетінің эко-хабында жасалған жаңа эко-орындық Алматы қаласында орнатылды

Сәтбаев университетінің эко-хабында жасалған жаңа эко-орындық Алматы қаласында орнатылды

Қайта өңделген пластиктен жасалған тағы бір орындық Алматы қаласының Алмалы ауданында орнатылды. Ол Сәтбаев университетінің технологиялық эко-хаб базасында жасалды. Бұл жобаға қала әкімдігі, бизнес өкілдері және қоғамдық ұйымдар қолдау көрсетіп, ол қалалық экологиялық бастама аясында жүзеге асты.

«Өте маңызды жетістіктердің бірі – қалдықтарды қайта өңдеу мәселесіне бизнестің назарын аудара алғанымыз, – дейді ECO Network жобасының негізін қалаушы және «Жасыл Алматы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Евгений Мұхамеджанов. – Әрі қалалық алаңда нысан жасау үшін университетке көмектескен демеуші де табылды, бұл шынымен де керемет болды», – деп атап өтті ол.

Экологиялық бастаманы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды да қолдап, табылған шешімді қаланың бір ауданында пилоттық жоба ретінде іске асыруды тапсырды. Ал оны жүзеге асыру үшін Алмалы ауданы таңдап алынды, мұнда экологиялық мәселе ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде аудан әкімі Арман Шамшин тарапынан қолдау тауып келе жатыр. Орындықты орнату жұмысына аудан әкімінің орынбасары Олжас Құрманбекұлы да қатысты. Орындық «Леовит» компаниясының тапсырысы бойынша компания директоры Елена Смирнованың басшылығымен жасалды.

Бұл – осы бағыттағы бірінші бастама емес. Алғашқы орындық осыдан бір жыл бұрын «РТС Деко» компаниясының директоры Арман Қағаровтың бастамасымен орнатылған болатын. Тағы екеуі Сайран көлінің жағасында Жастар күніне орай өткізілген эко-фестивальдан кейін Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп жасалды. Қайта өңделген пластиктен жасалған төрт орындық Нидерланды Корольдігі елшілігінің тапсырысы бойынша Астана қаласына жөнелтілді. Алдағы уақытта Арбатта және қаланың өзге де қоғамдық орындарында осындай нысандарды орнату жоспарда бар.

Сәтбаев университеті өкілдерінің айтуынша, эко-хабты және осындай бастамаларды дамыту университеттің орнықты кампус қалыптастыру мен қалалық ортаға «жасыл» технологияларды енгізу жөніндегі стратегиясына толық сәйкес келеді. Ал әкімдікпен және бизнеспен ынтымақтастықты нығайту экологиялық жобаларды ауқымды түрде жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту