Ақпарат:

19 ақпан 2026 803
4

Сәтбаев университетінің ғалымдары мен жас зерттеушілері ғылым мен жоғары білімді дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік ғылыми стипендияларға ие болды

Сәтбаев университетінің ғалымдары мен жас зерттеушілері ғылым мен жоғары білімді дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік ғылыми стипендияларға ие болды

Алматы қаласында ғылым мен жоғары білім саласының үздік өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Марапатталғандардың қатарында Сәтбаев университетінің ғалымдары да бар. Профессор Қанай Рысбеков – Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды, ал талантты жас ғалымдарға арналған стипендия Жансая Омароваға, Ырысжан Жакыпбекке және Азат Сейтханға табысталды.

Іс-шара аясында отандық ғылым мен жоғары білім беру жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары атап өтілді. Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеңімпаздарды құттықтай отырып, бұл марапат тек лауреаттардың жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан ғылымы мен білімінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанының айқын дәлелі екенін атап өтті. Ол әрбір оқытушы мен зерттеушінің үлесі еліміздің тұрақты дамуы мен өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Берілген стипендиялар Сәтбаев университеті ғалымдарының жүйелі еңбегін және ғылымның басым бағыттарын дамытуға қосқан үлестерін мойындау болып табылады. 90 жылдан астам уақыт бойы елдің инженерлік және ғылыми элитасын қалыптастырып келе жатқан университет үшін бұл жетістік зерттеулердің жоғары деңгейін, жас ғалымдардың ғылыми жобаларға белсенді қатысуын және жоғары оқу орны Қазақстандағы жетекші зерттеу орталықтарының бірі ретінде өз позициясын нығайта түскенін көрсетеді.

Тэги: SDG 4
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту