Ақпарат:

7 қазан 2025 259

Сәтбаев университетінің профессоры «Үздік педагог» халықаралық марапатына ие болды

Сәтбаев университетінің профессоры «Үздік педагог» халықаралық марапатына ие болды

Сәтбаев университетінің профессоры, техникалық ғылымдар кандидаты, «Киберқауіпсіздік, ақпаратты өңдеу және сақтау» кафедрасының меңгерушісі Василий Сербин «Үздік педагог» ғылыми-педагогикалық мекемелер арасындағы халықаралық зерттеу байқауында І дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталды.

«Endless Light in Science» халықаралық зерттеу орталығы ұйымдастырған бұл беделді байқауға әртүрлі елдерден жоғары кәсіби деңгейі мен білім беру ісіне зор үлес қосқан оқытушылар мен зерттеушілер қатысты. Байқаудың басты мақсаты – білім беру үдерісіне елеулі үлес қосып, оқытудың заманауи әдістерін қалыптастырған, әрі педагогикалық шеберлігімен ерекшеленетін ұстаздарды анықтау болды.

Василий Сербиннің бұл жеңісі Сәтбаев университетінің цифрлық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласы бойынша мамандар даярлаудағы маңызды рөлін мойындау болып табылады. Университет халықаралық тәжірибеге және заманауи стандарттарға сүйене отырып, білім берудің жаңа бағыттарын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Ал оқытушылардың халықаралық дәрежедегі жетістіктері оқу орнының ғылыми мектебі мен білім беру бағдарламаларының деңгейі жоғары екендігін дәлелдейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту