Ақпарат:

30 желтоқсан 2025 924

Сәтбаев университетінің ректоры атынан Жаңа 2026 жылмен құттықтау

Сәтбаев университетінің ректоры атынан Жаңа 2026 жылмен құттықтау

Қадірлі әріптестер, құрметті студенттер!

Мол табыс пен жетістіктерге толы тағы бір жыл артта қалды. Осы жылы біз жаңа білім беру бағдарламалары мен жаңа ғылыми жобаларды іске қостық, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, инфрақұрылымды жаңарттық.

Бүгінде Сәтбаев университеті өз дәстүрлерін сақтай отырып және инновацияларды дамыта түсіп, болашаққа нық қадам басып отыр. Ортақ табысқа жету үшін, біздің әрқайсымыздың – ғалымдар мен оқытушылардың, қызметкерлердің, студенттер мен докторанттардың да қосатын үлесі аса маңызды. Дәл сол сенімді атмосфераны, кәсіби талапшылдық пен нәтижеге деген ұмтылысты сіздер қалыптастырып келесіздер, университетімізді басқалардан ерекшелендіретін де – дәл осы.     

Жаңа жылда сіздерге зор денсаулық, аманшылық, кәсіби жетістіктер мен ғылыми шабыт тілеймін! Сол жетістіктердің қуанышын бөлісетін, сіздерге қолдау көрсететін ниеттес, жақын жандар әрдайым қастарыңыздан табыла берсін. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, дастархан берекеге толы болсын!

Жаңа жыл құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
Сәтбаев университетінің ректоры
Мейрам Бегентаев

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту