Ақпарат:

3 ақпан 2026 28

Сәтбаев университетінің студенттері адамға бағдарланған мемлекет моделі туралы дәрісте Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылады

Сәтбаев университетінің студенттері адамға бағдарланған мемлекет моделі туралы дәрісте Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылады

Сәтбаев университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге арналған дәріс өтті. Тарих ғылымдарының магистрі, Жобаларды басқару институтының аға оқытушысы Тұрлыбек Тумабаев студенттерге конституциялық реформаның негізгі мақсаты – жасанды интеллект дәуірінде Қазақстан азаматтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету екенін түсіндірді. Адам, оның құқықтары, өмірі, бостандығы мен қадір-қасиеті ең жоғары құндылық ретінде жарияланып, азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасы алғаш рет бекітілді.

Негізгі заңның жаңа мәтініндегі басты идея ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар айқындалды, өйткені бұл еліміздің болашағы минералдық ресурстар мен табиғи байлықтарға емес, адам капиталы мен азаматтардың жетістіктеріне негізделетінін көрсетеді. Білім мен ғылым азаматтардың негізгі құқықтары ғана емес, сонымен қатар мемлекетті дамытудың стратегиялық ресурстары ретінде қарастырылады. Бұл біздің университеттің болашақ инженерлерді, ғалымдар мен көшбасшыларды даярлауға бағытталған миссиясымен толық сәйкес келеді. Сәтбаев университеті заманауи әлемнің сын-қатерлеріне жауап бере алатын және Қазақстанның дамуына үлес қосатын мамандарды даярлаумен қатар, білім беру сапасына, ғылыми қызмет пен инновацияларға дәстүрлі түрде басымдық береді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту