Ақпарат:

22 сәуір 2026 545

Сәтбаев университетінің студенттері автоматтандыру және басқару бойынша өткен Республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды

Сәтбаев университетінің студенттері автоматтандыру және басқару бойынша өткен Республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды

Сәтбаев университетінің студенттері «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиадада жүлдегер атанды. Олимпиада Қазақстан-Британ техникалық университетінде өтті. Қиынға түскен зияткерлік бәсекеде Милана Шалабаева 2-орынды, ал Абылайхан Шадиев 3-орынды иеленді.

Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша білім алып жүрген үздік студенттер жиналды. Қатысушылар теориялық біліммен қатар жүйелік ойлау қабілетін, модельдеу дағдыларын және заманауи автоматтандырылған жүйелерді талдау машықтарын талап ететін кешенді инженерлік тапсырмаларды орындады. Ал біздің команданы «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының оқытушысы Дильназ Зиявдунова дайындады.

Студенттердің бұл жетістіктері университетте инженерлік кадрларды даярлау деңгейінің жоғары екенін және олардың бәсекеге қабілеттілігін республикалық деңгейде көрсетеді. Осындай олимпиадаларға қатысу студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, автоматтандыру саласына қызығушылықтарын арттыруға және Қазақстанның цифрлық экономикасына қажетті болашақ мамандарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту