2 ақпан 2026
110
Сәтбаев университетінің студенттері Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын талқылады
Сәтбаев университетінің студенттері Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылауға қатысты. Жоба азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленген болатын. Жиын барысында арнайы дәріс оқылды, оның тақырыбы мемлекеттік құрылымды жаңғыртуға, жеке тұлғаның еркіндігі мен шығармашылық еркіндігін қорғауға бағытталған реформалардың негізгі элементтерін қамтыды. Дәрісті университеттің құқықтық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі Гүлжайна Өмірзақова оқыды.



