Ақпарат:

5 желтоқсан 2025 40

Сәтбаев университетінің студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген «брейн-ринг» ойынына жиналды

Сәтбаев университетінің студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген «брейн-ринг» ойынына жиналды

Сәтбаев университеті студенттерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған «брейн-ринг» интеллектуалдық ойыны өтті. «Барыс», «Номад» және «Сұңқар» атты үш командаға бөлінген студенттер тобы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, университеттің Академиялық адалдық кодексін білу деңгейлері бойынша және логика мен тапқырлыққа негізделген тапсырмаларды орындау барысында өзара сынға түсті.

Ойын құқықтық сауаттылықты дамытуға және академиялық адалдық құндылықтарын нығайтуға бағытталды. Қызу тартыстың нәтижесінде «Сұңқар» командасы жеңіске жетті. «Саналы ұрпақ» бөлімінің жетекшісі Анар Саттарова бастаған қазылар алқасы қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін және осындай іс-шаралар жауапты әрі адал студенттік қауымдастықты қалыптастыруда өте маңызды екендігін атап өтті.

Бұл интеллектуалды ойынды «Саналы ұрпақ» бөлімі мен «Қоғамдық пәндер» кафедрасы бірлесе отырып ұйымдастырды. Ал университет ашықтық пен айқындық құндылықтарын нығайтып, болашақ мамандар үшін заңға құрмет пен академиялық адалдық қағидаттарын сақтау қалыпты нормаға айналатын білім беру ортасын қалыптастыруды жалғастырып келеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту