Ақпарат:

27 қаңтар 2026 695

Сәтбаев университетінің жас командасы Shell Eco-marathon Qatar 2026 халықаралық жарысында қауіпсіздік үшін берілетін жүлдені жеңіп алды

Сәтбаев университетінің жас командасы Shell Eco-marathon Qatar 2026 халықаралық жарысында қауіпсіздік үшін берілетін жүлдені жеңіп алды

Доха қаласында (Катар) өткен Shell Eco-marathon Qatar 2026 халықаралық жарысында Қазақстанның намысын қорғап, еліміз атынан өнер көрсеткен Сәтбаев университетінің студенттік SU Racing Team машина жасау командасы кезекті жеңіске жетті. Lusail International Circuit атты беделді трассада өткен жарыста біздің команда Prototype-Battery Electric санатында қатысып, өз инженерлік шеберліктерін ғана емес, дайындық пен жарысқа қатысудың барлық кезеңдерінде қауіпсіздік талаптарын жоғары деңгейде орындағанын көрсетті.

Қауіпсіздік щараларына жүйелі түрде қарау студенттік ұжым үшін негізгі қағидаға айналды: болидтің жобасынан бастап, финалдық жарыстарға дейін команда инженерлік шешімдердің адамдар мен қоршаған орта үшін барынша қауіпсіз болуын қамтамасыз ететін қатаң стандарттарды ұстанады. Осы тәсілдің нәтижесінде SU Racing Team командасы Special Safety Leadership Award марапатты және 3000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйлықты жеңіп алды.

Биылғы жарысқа машина жасаушы жас спортшылардан құралған жаңа буын командасы қатысты – 1-курс студенттері TOQ prototype 4.0 электроболидімен таныстырып, өздерінің алғашқы халықаралық инженерлік тәжірибесін толықтырды. Команда капитаны Айғаным Шамшадин болса, команданың негізін қалаушы Әлібек Ибраим оларға менторлық қолдау көрсетті. Жетістікке жету жолында Сәтбаев университеті тарапынан көрсетілген қолдау маңызды рөл атқарды, соның арқасында студенттер өздерінің қабілеттерін дамытуға және әлемдік инженерлік аренада туған университетімен таныстыруға мүмкіндік алды.

SU Racing Team – Сәтбаев университетінің студенттік инженерлік командасы, ол 2017 жылдың тамыз айында құрылған. Команда Shell Eco-marathon халықаралық жарыстарына арналған энергия үнемдейтін автомобильдерді әзірлейді. SU Racing Team командасы халықаралық жарыстарда бірнеше рет жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Олардың әзірлеген прототипі Азия, Океания және Таяу Шығыс аймақтарындағы энергия үнемдейтін ең тиімді автокөліктердің Top-10 қатарына енген алғашқы эко-автомобиль болды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту