Ақпарат:

29 желтоқсан 2025 1286

Сәтбаев университетінің жыл қорытындысы: еліміз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік – университеттің басты бағдары

Сәтбаев университетінің жыл қорытындысы: еліміз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік – университеттің басты бағдары

Сәтбаев университетінің ректоры 2025 жылдың қорытындысы бойынша есеп беріп, үлкен жиын өткізді. Бұл жыл университеттің өсуі үшін маңызды кезең болды, университет өз миссиясын қайта пайымдап, Қазақстанның инженерлік ғылымын дамытудағы рөлін нығайта түсті. Университет ректоры Мейрам Бегентаев қызметкерлерге арнап ұлттық техникалық зерттеу университетінің еліміз бен болашақ инженер буындары алдындағы кәсіби жауапкершілігінің ең жоғары өлшемі ретіндегі миссиясы туралы шабыттана сөз сөйледі.

– Біздің университет шаршы метрмен немесе аудиториялар санымен өлшенбейді, ол ғылыми жобалардың нәтижелерімен және енгізілген жаңа технологиялармен өлшенеді. Бұл біз үшін жай ғана формалды мәртебе немесе атауымызға қосылған әдемі қосымша емес. Біз техникалық ғылым үшін тек университет қабырғасында ғана емес, бүкіл ел көлемінде жауап береміз.

Университет алдына қойған мақсатына жету жолындағы табанды еңбегінің нәтижелері өздігінен-ақ айқын болып тұр: биыл университеттің екі бірдей ғалымдары ғылым мен техника саласындағы ең жоғары мемлекеттік марапат – әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды, сондай-ақ ғалымдарымыз бірқатар өзге де беделді марапаттарға ие болды. У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтының директоры, ғылым докторы Малис Абсаметов пен Металлургия және байыту институтының директоры, техника ғылымдарының докторы Бағдәулет Кенжалиев жетекшілік еткен ғалымдар тобы Сәтбаев университеті ғылыми әзірлемелерінің ел үшін стратегиялық маңызы бар екенін, олар өнеркәсіпке нақты әсер етіп, қазақстандық инженерлік ғылымның жаңа даму бағыттарын қалыптастырып отырғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сәтбаев университетінде білім беру үдерісі ғылыми зерттеулер арқылы және студенттер мен магистранттардың, докторанттардың нақты ғылыми және инженерлік жобаларға қатысуы негізінде құрылғанын ректор атап өтті. Университетте 15-тен астам жаңа ғылыми зертхана ашылып, жалпы қаржыландыру көлемі 15 миллиард теңгені құрайтын 209 ғылыми жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ жоғары рейтингті ғылыми журналдарда әлемнің 101 елінің ғалымдарымен бірге бір жыл ішінде 856 мақала жарияланды.

Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және тәжірибелік өндірістерді дамыту университеттің өнеркәсіппен байланысын күшейтіп, зерттеу нәтижелерін экономиканың нақты секторына енгізуге мүмкіндік берді. Соңғы үш жылда шаруашылық келісімшарттық жұмыстардың көлемі 5 млрд 100 млн теңгені құрады, ал өңірлермен жасалған өзара іс-әрекет университеттің кәсіпорындар мен мемлекеттік құрылымдар үшін сенімді серіктеске айналуына жол ашты. Университет қос дипломды білім беру бағдарламасын және жұмыс берушілермен ынтымақтастық қарым-қатынасты белсенді түрде дамытып келеді: Қазақстанның жетекші кәсіпорындарында университет кафедраларының 40 филиалы ашылды, бұл студенттердің практикалық бағыттағы даярлығын күшейтіп, олардың жұмысқа орналасуына ықпал етеді.

Сонымен қатар университет халықаралық ынтымақтастық байланысты да қарқынды түрде дамытып отыр: бүгінде Сәтбаев университеті шетелдік университеттермен 200-ден астам халықаралық келісім, 32 бірлескен білім беру бағдарламасын жасасты, олардың 24-і – қос дипломды білім беру бағдарламалары. 2025 жылы университет QS рейтингі бойынша 331-орынға көтеріліп, университетте әлемнің 28 елінен келіп оқитын шетелдік студенттер саны 2032 адамға жетті. Астанада Сәтбаев университеті кампусының ашылуы университеттің білім беру географиясын кеңейтіп, мемлекеттік құрылымдармен, индустриямен және ұлттық компаниялармен өзара байланыс жасауға жаңа мүмкіндіктер ашты. Биыл сондай-ақ Сәтбаев университеті жанында ашылған City University of Hong Kong филиалына алғашқы қабылдау жүргізіліп, елдегі үздік түлектер үшін университетіміз тартымды орталыққа айналғанын көрсетеді.

Есеп беру барысында университеттің ғылыми институттарының жетістіктері, ғылыми қызметтен түскен кірістердің өсуі және профессор-оқытушылар құрамының жалақысының артқаны атап өтілді. Ректор университет ұжымына, ғалымдарға, студенттер мен түлектерге университеттің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, Сәтбаев университеті зерттеу орталығын қалыптастыру және әлемдік академиялық кеңістікте өз көшбасшылығын нығайту жолында сенімді түрде қадам басып келе жатқанын атап өтті.

Жиын соңында университет қызметкерлерін марапаттау рәсімі, сондай-ақ осы оқу жылында докторлық диссертацияларын сәтті қорғап шыққан докторанттарға диплом тапсыру рәсімі салтанатты түрде өтті. Біз Сәтбаев университетінің ғылыми дәстүрін жалғастырып, ел игілігі мен болашақ ұрпақтың жарқын келешегі жолында еңбек етуге дайын тұрған жаңа буын ғалымдарды шын жүректен құттықтаймыз!

Сәтбаев университетінің жыл қорытындысы: еліміз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік – университеттің басты бағдары

Сәтбаев университетінің жыл қорытындысы: еліміз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік – университеттің басты бағдары

Сәтбаев университетінің жыл қорытындысы: еліміз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік – университеттің басты бағдары

Сәтбаев университетінің жыл қорытындысы: еліміз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік – университеттің басты бағдары

Сәтбаев университетінің жыл қорытындысы: еліміз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік – университеттің басты бағдары

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту