Ақпарат:

26 наурыз 2026 1027
4 7

Satbayev University БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары аясында жаңартылатын энергетика саласымен ынтымақтастықты нығайтуда

Satbayev University БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары аясында жаңартылатын энергетика саласымен ынтымақтастықты нығайтуда

2026 жылғы 16 наурызда Satbayev University-де студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және тұрақты энергетикалық шешімдерді ілгерілетуге бағытталған TotalEnergies Renewables Kazakhstan компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шараның спикері TotalEnergies Renewables Kazakhstan компаниясының бас директоры Тьерри Плезан (Thierry Plaisant) болды. Кездесу барысында сарапшылар студенттерге жаңартылатын энергетика саласындағы өзекті жаһандық трендтерді, энергетикалық ауысудың негізгі аспектілерін таныстырып, сондай-ақ халықаралық энергетикалық жобалардағы жас мамандарға арналған мансаптық мүмкіндіктер туралы баяндады.

Кездесу барысында қуаттылығы 1 ГВт болатын «Мирный» жел электр станциясы жобасына ерекше назар аударылды. Бұл жоба Қазақстандағы жаңартылатын энергетика саласындағы ең ірі жобалардың бірі болып табылады. Аталған бастама елдің энергетикалық теңгеріміндегі таза энергия үлесін арттырып қана қоймай, жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашып, білім беру және ғылыми экожүйенің дамуына үлес қосады.

Аталған кездесу бұған дейін қол қойылған келісімді іске асырудың келесі кезеңі болды. Келісім аясында Satbayev University 2026 жылдан бастап TotalEnergies компаниясының тапсырысы бойынша жыл сайын 14 студентке дейін оқытуды бастайды. Студенттер алғашқы үш жылды Алматы қаласында оқып, төртінші курсты Францияның Мец қаласындағы Лотарингия университетінің кампусында өткізеді, сондай-ақ TotalEnergies компаниясының энергетикалық кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтеді. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер Қазақстандағы ең ірі «Мирный» жел электр станциясындағы жел генераторларына қызмет көрсету үшін TotalEnergies компаниясына жұмысқа орналасады. Бұл станция шамамен 1 миллион қазақстандықты, оның ішінде шалғай ауылдық өңірлердің тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өткізілген іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда 4-мақсат – «Сапалы білім» және 7-мақсат – «Қолжетімді және таза энергия» бағыттарына толық сәйкес келеді. Студенттердің халықаралық жетекші компаниялармен өзара іс-қимылы білім беру үдерісіне практикалық тәжірибені енгізу арқылы білім сапасын арттыруға және жаһандық энергетикалық ауысу жағдайында сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.

Satbayev University индустриялық серіктестермен ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға жағдай жасап, энергетика саласының тұрақты дамуына үлес қосуда. Мұндай кездесулер академиялық орта мен бизнес арасындағы байланысты нығайтудың маңызды құралы болып табылады, сондай-ақ студенттердің заманауи технологиялық сын-қатерлер мен саланың даму перспективалары туралы жүйелі түсінігін қалыптастырады.

Бұл материал Satbayev University-дің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (UN 2030 Agenda for Sustainable Development) қосқан үлесі аясында дайындалды:
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту