Ақпарат:

19 ақпан 2026 875

Satbayev University-де академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша шетелдік студенттерге арналған Welcome Day өтті

Satbayev University-де академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша шетелдік студенттерге арналған Welcome Day өтті

2026 жылғы 18 ақпанда Satbayev University университетінде академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша бір семестрге оқуға келген шетелдік студенттерге арналған Welcome Day өтті. Көктемгі семестрде университетке Әзірбайжан мен Индонезиядан студенттер келді.

Студенттер университеттің оқу процесі, академиялық талаптары мен мүмкіндіктерімен танысты.

Welcome Day бағдарламасына университет тарихы мен жетістіктеріне, сондай-ақ қазақ мәдениетіне арналған қызықты викторина кірді. Викторинада белсенділік көрсеткен студенттерге сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, келген студенттерге университеттің мерчі сыйлық ретінде берілді.

Welcome Day іс-шарасын өткізу шетелдік студенттердің бейімделуіне, мәдениетаралық диалогты дамытуға және университеттің халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға септігін тигізеді.

Шетелдік студенттерімізге табысты және жемісті семестр тілейміз, жаңа білім мен жарқын әсерлерге толы болсын!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту