Ақпарат:

20 ақпан 2026 895

Satbayev University-де «Экологиялық оқулар» өтті

Satbayev University-де «Экологиялық оқулар» өтті

Талқылау Платон Нечаевтың ертегілеріне арналды. Ол экологиялық ағарту және экотуризм саласында еңбек етіп жүрген жас автор. Оның тоғыз ертегісі Тұрақты даму мақсаттарына арналған. Кездесу барысында «Бөлектау тауының құпиясы және Ғажайыптар соқпағы» атты ертегі оқылды. Мәтінді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетінің студенттері өз оқытушысы Бибіжан Абуовамен бірге оқыды. Әлеуметтік оқу форматы қатысушыларға мәтінмен танысып қана қоймай, ондағы мазмұн мен мағыналарды бірлесе талқылауға мүмкіндік берді.

Іс-шараның екінші бөлімінде Recycle Birge экологиялық қозғалысының өкілі Перизат Комекбаева экологиялық ағарту саласындағы практикалық тәжірибесімен бөліскен ашық дәріс өткізді.

«Экологиялық оқулар» Satbayev University студенттері үшін арнайы жазылған Платон Нечаевпен (Қарағанды қ.) сұхбат-блокпен қорытындыланды.

Аталған іс-шара әдебиет пен оқудың жастар арасында экологиялық ойлауды, сыни көзқарасты және құндылық бағдарларды қалыптастырудағы тиімді құрал екенін, ал әлеуметтік оқу форматы мазмұнды диалог пен ортақ ой іздеуге арналған кеңістік қалыптастыратынын айқын көрсетті.

Satbayev University-де кезекті «Экологиялық оқулар» өтті. Аталған ағартушылық іс-шара әлеуметтік оқу форматы мен экологиялық ойлау мәселелеріне арналған ашық дәрісті біріктірді. Іс-шараның идеялық бастамашысы әрі модераторы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Шолпан Әдібаева. «Экологиялық оқулар» Satbayev University-дің Қазақ және орыс тілдері кафедрасының тәрбиелік жұмысы аясында ұйымдастырылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту