Ақпарат:

7 сәуір 2026 840
16

Satbayev University-де «Заң және тәртіп» мемлекеттік тұжырымдамасы аясында қонақ дәрісі өтті

Satbayev University-де «Заң және тәртіп» мемлекеттік тұжырымдамасы аясында қонақ дәрісі өтті

Satbayev University-де 25 жылдық тәжірибесі бар заңгер Еркин Габдуллиннің қатысуымен «Күнделікті өмірдегі құқықтық өзін-өзі қорғаудың базалық стратегиялары» атты қонақ дәрісі өтті.

Іс-шараны Satbayev University-дің қазақ және орыс тілдері кафедрасы, қауымдастырылған профессор Адибаева Шолпан Тимуровна ұйымдастырды.

Дәріс тақырыбы студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Кездесу барысында күнделікті құқықтық тәжірибеге қатысты өзекті мәселелер қарастырылды: құжаттарға қол қою ережелері, келісімдерді рәсімдеу, тұрғын үйді жалға алудың құқықтық аспектілері, несие мен қарыз рәсімдеу кезіндегі тәуекелдер, сондай-ақ қауіпсіз серіктестік негіздері.

Студенттерде құқықтық ойлау мәдениетін қалыптастыруға және әртүрлі өмірлік жағдайларда саналы мінез-құлық дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды. Дәріс интерактивті форматта өтіп, практикалық мысалдармен және нақты жағдайларды талқылаумен толықтырылды.

Өткізілген іс-шара құқықтық мәдениетті дамытуға, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған. Бұл БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 16-мақсаты – «Бейбітшілік, әділет және тиімді институттар» қағидаттарына сәйкес келеді, сондай-ақ университеттің білім беру мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Бұл материал Satbayev University-дің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (UN 2030 Agenda for Sustainable Development) қосқан үлесі аясында дайындалды:
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту